Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт сыйлайтын бағдарлама

Бақыт сыйлайтын бағдарлама

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында елдің демографиялық ахуалы төмендеді. 1999-2000 жылдары халық саны күрт азайды. Сол шақтары Қазақстанда шамамен 16,8 миллион адам болды. Кейінгі кездері бұл көрсеткіш біршама өсті. Соңғы 30 жылға көз жүгіртсек, елде 2016 жылы туу көрсеткіші жоғары болған. Дерек бойынша сол тұста 406 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл рекорд биыл тағы жаңарды дейді мамандар. Дегенмен көрші өзбек ағайынмен салыстырғанда біздегі бала саны екі есеге аз. Ала шапандыларда жылына 800 мыңнан астам нәресте өмірге келіп отыр.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 мың жұп бедеулікке ұшырайды. Оның ішінде 8 мың жұп қосымша репродуктивтік технологияларға, яғни экстракорпоральді ұрықтандыруға (ЭКҰ) мұқтаж. Бұл басқа әдістердің көмегімен жүктілікке қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Статистикалық мәлімет бойынша бедеулікке шалдыққан некелер жиілігі – 15 процент. ДСҰ мұндай деңгейді мемлекеттік проблема деп санайды. Себебі бұл халықтың демографиялық көрсеткішіне кері әсер етеді.
Демек елдегі әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды. Соның салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасуға барады. Әлеуметтік түйткілге айналып бара жатқан бедеулік пен белсіздік – бүгінгі ­басты мәселенің бірі. Осы мәселені шешу жолдарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтты. Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның демографиялық ахуалының қиын екенін алға тартты. Мемлекет басшысының бастамасымен Үкімет 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосады. Бір қуантарлығы экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне бөлінетін квота саны 7 000-ға дейін арттырылады. Репродуктолог мамандар квотаның еселеп артуы кезекте тұратын отбасыларға тезірек сәби сүюге мүмкіндік береді десе, демографтар мұндай көмек ажырасуды тежеуі мүмкін деп үміттенеді.
Мамандар маңызды құжатта айтылған квота санының көбейтілуін қуанышпен қабылдап отыр. “Экомед” клиникалар желісінің жетекшісі, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында кезектегі отбасылардың 70-80 процентін қамтуға мүмкіндік туатынын жеткізді.
Бүгінде облыс бойынша ЭКҰ-ға квота алуға 400-ден аса әйел кезекте тұр. Ал мемлекет тарапынан бөлінген көмекке жылына 44 адам ғана ілігеді екен. Осыған орай теміржол ауруханасының гинекологы Индира Опабекова өз ойын білдірді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда біраз мәселенің басын ашты. Соның ішінде Үкімет алдағы жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір бізде бала көтере алмай жүрген 15 әйел тіркеуде бар. Мемлекет сәбиге мұқтаж жандарға қол ұшын берсе, біз де барынша жағдай жасауға тырысамыз. Себебі көп аналар қаражат жағы қол байлау болғандықтан ЭКҰ жолдарын қолдана алмайды. Жеткілікті квота бөлінсе, ешкімді сандалтпай берілген қаражатқа анализдер бір жерден тапсырылса екен деймін. Сонда ғана балалы болуға мүмкіндік туады. Әлемде жасанды әдіспен дүниеге келген балалар саны 8 миллион болса, Қазақстанда 16 000-нан асты. Солардың қатарына қазалылықтар да қосылса еңбегіміздің еш кетпегені, – дейді Индира Ақымқызы.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
10 қыркүйек 2020 ж. 592 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930