Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар мәслихаты депутаты сайланды

Жастар мәслихаты депутаты сайланды

Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыруда жастардың пікірі мен сөз еркіндігін ескеру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының бастамасымен жастар мәслихатын құру қолға алынды.
Басты мақсат – жастар мәслихатын құру арқылы жастар арасындағы өзекті мәселелер мен олардың ұсыныстарын талқылап, оның шешу механизмдерін табу, депутаттық сауал арқылы жастардың мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу. Сайланған жастардың арасынан шыққан үздіктерді болашақ кадр ретінде тәрбиелеу.
Жастар мәслихаты депутаттығына кандидаттыққа Әйтеке би кенті бойынша 10 үміткер қатысқан болатын:
Меңдібай Мейірман Төребекұлы – Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде педагог ұйымдастырушы және информатика пәні мұғалімі;
Құнанбайұлы Абай – Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінде арнаулы пән оқытушысы;
Ерсайын Асыл Болатқызы – Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;
Кәдірбай Асыл Жанболатқызы – жеке жас кәсіпкер;
Бекболаев Абубакир Канапияевич – Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте информатика пәні мұғалімі;
Қайролла Нұрлан Қайроллаұлы – С.Сейфуллин атындағы №165 мектепте ЛМК операторы;
Тойбазар Жандос Қыдырбергенұлы – «Сыр Маржаны» ЖШС инженер – механик;
Өтеміс Нариман Әнесұлы - Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте инженер – техник;
Рысмамбетова Ақнұр Серікқызы - №21 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші;
Әділбекова Арайлым Әділбекқызы – Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясында физика пәні мұғалімі;
Сайлауға жалпы 997 жас қатысып, нәтижесінде 424 дауыс жинап, басымдықпен Бекболаев Абубакир Канапияевич жеңіске жетті.

28 ақпан 2020 ж. 2 726 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 176

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930