Қазақстандықтардың қарызы 1 қыркүйекке дейін өтеледі
Маңызды жиында елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік бағдарлама ұсынылады. Олардың қатарында несиесін төлей алмай жүрген отандастарымыздың жай-күйі де бар.
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Осы аптаның соңына қарай Ұлттық банк нақты кімдердің қарызы кешірілетінін бекітеді. Қазір тізім әзірлену үстінде. Келер аптададан бастап басты қаржы реттеуші елдегі екінші деңгейлі банктер және қаржы ұйымдарымен арнайы келісімге отырады. Ал қыркүйек айынның біріне дейін тізімге ілінгендер қарызы толығымен өтелмек.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат