Головкин бапкерінен кеткен соң есімін өзгертіп тастады
Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин аты-жөнінің ағылшын тіліндегі нұсқасының айтылуымен келіспейді.
Бұл туралы BoxingScene журналисі Кит Айдек жазды.
Құрама штаттарда Головкиннің атын Геннади деп жазады. Боксшы журналистерге мұның қате екенін көрсетті. Есімін енді "Gennady" емес, "Gennadiy" деп жазады. Ал, жаңа бапкерін 4 мамырда ресми түрде таныстырады.
"GGG-де енді жаңа жаттықтырушы, жаңа желілік-ағынды қызмет көрсету және жаңа есім бар. Головкин туу туралы куәлігінде "Геннадий" деп жазылғанын атады.
"Жеті жылдық мансабынан кейін түзету не керек?" - деп жазды Айдек. Желі қолданушылардың бірі "Маңызды емес, Кеңес Одағында дүниеге келген, сондықтан Геннадийдің туу туралы куәлігінде солай жазылған деп есептеймін", - деп жазды.
Головкин тоғыз жылдық ынтымақтастықтан кейін жаттықтырушы Абель Санчестен бөлінді. Спортшы мұны 2018 жылдың қыркүйегінде Альвареспен болған алғашқы мансаптық жеңілістен кейінгі өзгерістердің жалғасы деп атады.
Головкин 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) айқасады. GGG үшін бұл күрес DAZN ағыны қызметімен жасалған үш жылдық келісімшарттың алғашқы жекпе-жегі болады. Жекпе-жектен 100 миллион доллар алады.