"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ аумағында жас спортшыларға қолдау көрсететін GGG Promotion компаниясын ашты.
Қазір компания Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп жатыр.
Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар.
GGG журналистердің "спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?" деген сұрағына жауап берді.
" Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин.
Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс.
"Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды", — деді Головкин.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчын тамашалады.