Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан республикалық турнир өтеді

Футболдан республикалық турнир өтеді

8-13 қыркүйек аралығында Сыр футболының түлегі, Қызылорданың «Автомобилист», Алматының «Қайрат» шеберлер командаларының ардагер ойыншысы, ҚР құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан республикалық турнир өтеді.
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналады.
Жарысқа Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 12 команда, 2006 жылы туылған 200-ден аса жасөспірім спортшылар қатысады.
Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы.
Айта кетейік, былтырғы жылы осы жарыста «Қайсар» футбол орталығының командасы жеңімпаз атанған болатын.
Жарыс 8 қыркүйек күні сағат 9.00-де «Локомотив» стадионында басталады, 10.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
07 қыркүйек 2018 ж. 921 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930