Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды baq.kz Skifnews.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістанды 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен тізе бүктірді.
Бұдан бұрын олар жарыстың аталған сатысында Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.
Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі. Алдымен 5 қыркүйекте Австралиямен кездеседі. Жеңсе 6 қыркүйекте одан кейін 5, жеңілген жағдайда 7 орын үшін таласады.
Ал топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.
Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.
05 қыркүйек 2023 ж. 673 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031