Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар ранг кестесінде көшбасшы өзгерді. Бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші қатарға ығыстырды.
Мұндай өзгерістер ойыншылардың былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайларымен есептелген. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады. Сондай-ақ теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде көрсеткен өнеріне де байланысты болмақ.
Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен жеңгенін еске сала кетейік. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда чех спортшысы Линда Носковамен бақ сынасады.
31 мамыр 2023 ж. 1 249 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 111

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 98

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 70

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031