Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауль Альварес Калеб Плантты жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанды

Сауль Альварес Калеб Плантты жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанды

31 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Ол бүгін, 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізді. Олар "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты. 
12 раундтық жекпе-жек соңына дейін жетпеді. Альварес бірінші раундтан бастап үстемдік етті. 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін америкалық боксшыны нокаутқа түсірді. 
Айта кетейік, Альварес қатарынан сегізінші жекпе-жегінде жеңіп отыр. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл мексикалықтың карьерасындағы 57-жеңіс, 39-шы мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал План алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Оның қанжығасында 21 жеңіс бар. 
Айта кетейік, "Канело" жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 
07 қараша 2021 ж. 549 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930