Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Юлия Путинцева төртінші кезеңге шықты

Юлия Путинцева төртінші кезеңге шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан «‎Volvo Cars Open»‎ турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды  egemen.kz
   Жүлде қоры 565 530 долларды құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде ұлыбританиялық Хэрриет Дарттан айласын асырған жерлесіміз келесі айналымда өзінің отандасы Зарина Диастан басым түсті. Үшінші кезеңде Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Бұл күндері әлемдік рейтингте 13 орында тұрған Испанияның өкілі кезінде Ролан Гаррос және Уимблдон турнирлерінде топ жарып, Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсеткен. Алғашқы сетте Мугуруса Путинцеваның 6:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Екінші сетте есеп 2:2-ге жеткенде әйгілі теннисші аяғын жарақаттан алғаны салдарынан жарысты жалғастыра алмады. Осылайша, отандасымыз төртінші айналымға жолдама алды.
Енді Юлия Путинцева черногориялық Данка Ковинчич пен чехиялық Петра Квитова арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.




09 сәуір 2021 ж. 2 531 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031