Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды

Облыста 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды

Қызылорда облысы қауіпсіздік саласын цифрландыру бағытында "112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі" жобасын жүзеге асыру бойынша пилоттық аймақ болып табылады.

Жоба аясында облыстың барлық жедел қызметтері біріктірілді, олар: өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112). Осылайша, бір қоңырау арқылы қажетті қызметтердің барлығы қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, 2018 жылы аймақта экономиканың түрлі саласында 29 жоба жүзеге асырылған. Мысалы, "электрондық балабақша" автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Ол ата-аналарға баланы балабақшаға қабылдау кезегін бақылауға мүмкіндік береді. Ал медициналық көмектің қолжетімділігі үшін "Дамумед" жобасы іске асырылды. Оның шеңберінде енді үйден шықпай-ақ қабылдауға жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыруға, жазылған рецептер мен зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және т. б. көруге болады.
Сонымен қатар, 2018 жылы облыста облыстық сандық технологиялар басқармасы құрылды.

Қазіргі уақытта өңірде цифрландыру бойынша тағы да 52 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
13 ақпан 2019 ж. 1 354 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031