29 сәуірден бастап кейбір кәсіпорындардың жұмысына рұқсат етілді
Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспарына сәйкес, 29 сәуірден бастап келесі кәсіпорындардың жұмысына рұқсат етілді:
Карантиндік режим бірінші кезекте өнеркәсіп және кіші, орта бизнес, құрылыс, тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ көлік салалары үшін жеңілдетіледі.
Өнеркәсіп саласы
1339 адам жұмыс жасайтын құрылыс индустриясындағы 43 кәсіпорын.
Кіші және орта бизнес саласы
Сақтандыру, нотариалдық қызметтер бойынша 521 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 960 жұмыс орны.
Жеке медициналық қызмет көрсету (ЛОР, стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), көзілдірік сататын дүкендер бойынша
348 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 1520 жұмыс орны.
Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, желімдеу қызметтері бойынша 1011 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 3850 жұмыс орны.
Шаштараз қызметі бойынша 292 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 780 жұмыс орны.
Аяқ киім жөндеу қызметі бойынша 43 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 50 жұмыс орны.
«Тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша электроника және тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің қызметі және оларды жөндеу бойынша 32 нысан, шамамен 255 жұмыс орны.
Курьерлік қызметтер бойынша 34 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 61 жұмыс орны қайта қалпына келтіріледі.
Барлығы сала бойынша 7476 адам қамтылған 2281 кәсіпкерлік субъекті.
Көлік және жол саласы
Уақыты шектеумен қалаішілік автобус бағыттары іске қосылады («Қызылорда автобус паркі» ЖШС 636 адам).
«Нұрлы жол», «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары аясында, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер (5 ұйым бойынша 203 адам).
Барлығы сала бойынша 839 адам қамтылған 6 ұйым.
Құрылыс саласы
1300 адам қамтылған 52 жоба. Оның ішінде: білім беру - 7, спорт – 1, мәдениет – 1, денсаулық сақтау – 3, қоғамдық тәртіп – 1, әкімшілік ғимараттар – 3, тұрғын үй құрылысы – 18, инженерлік инфрақұрылым – 9, мал қорымдары - 8, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылым нысандары – 1.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы
Құрылысы уақытша тоқтатылған мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылып жатқан 10 (газбен жабдықтау - 4; электрмен жабдықтау - 2; сумен жабдықтау - 2; абаттандыру - 2) жобаны қайта жандандыру (400 адам қамтылған) жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК арқылы жылу маусымына дайындық аясында Қызылорда қаласының негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (480 адам қамтылады).
«ҚЭТТК» АҚ-мен электрмен қамту жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (250 адам қамтылады).
«Қызылорда Су жүйесі» МКК сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (150 адам).
ОДСП «Арал» мекемесі сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (1220 адам).
Барлығы сала бойынша 2500 адам қамтылған 4 кәсіпорын, 10 жоба.
Ауылшаруашылығы саласы
Карантиндік режим бірінші кезекте ауылшаруашылығы құрылымдарына көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысында төменде көрсетілген ұйымдар қызметін пайдалану үшін жеңілдетіледі:
- ауылшарушылық техникасы мен оған қосалқы бөлшектерін сататын жеке және заңды тұлғалар.
- ауылшарушылық техникасына сервистік қызмет көрсететін ұйымдар.
- дақыл тұқымдары мен көшеттерін сататын жеке және заңды тұлғалар (Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің белгілеген орындарында).
Барлығы сала бойынша 119 адамы бар 50 ұйым тартылады.
Жалпы БІРІНШІ КЕЗЕҢ бойынша: 13573 адам, 2384 ұйым.