Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Унитазда алаңсыз отырған әйелдің жамбасын үлкен жылан шағып алды

Унитазда алаңсыз отырған әйелдің жамбасын үлкен жылан шағып алды

Орнынан атып тұрған әйел унитаздың ішінен ұзындығы бір жарым метр болатын питонды көріпті.
Оқиға оның Брисбен қаласында тұратын туысының үйінде орын алған Ричардстың сөзінше, ол өзінің денесіне өткір заттың тигенін сезіп, өзін бақа тістеп алған екен деп ойлаған. Алайда артынша бақаның тісі болмайтыны есіне түсіпті, деп жазады Stan.kz.
«Сол күйімде орнымнан атып тұрып, унитазға қарамақ болдым», – дейді ол.

Осы кезде әйел унитаздың ішінен ұзындығы бір жарым метр болатын питонды көріпті. Ол әйелді шағып алып, денесін қанатып жіберген. Қатты шошыған әйел одан қорғану үшін унитаздың қақпағын жауып, оның үстіне гүл құмыраларын қойыпты. Мұнан кейін Ричардс жылан аулаушыларға хабарласқан. Өз кезегінде ол жыланды алып шығып, сол маңдағы өзенге ағызып жіберген.
«Жылан аулаушылар командасы 25 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Алайда адам унитазда отырған кезде жамбасын жылан шағып алды дегенді бірінші рет естіп тұрмыз», – дейді жылан аулаушы.
Өз кезегінде жылан аулаушы осындай жағдайға тап болған адамдарға жыланды ұстамауға және унитаздың суын ағызбауға кеңес берді. Себебі, суды ағызған жағдайда, жылан қайтадан кәріз жүйесіне тап болады. Сонымен қатар жылан аулаушы ромбты питонның улы емес екенін және адамдар үшін қауіпті еместігін еске салды.

29 қаңтар 2019 ж. 3 666 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031