Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесік іздеп жүрмін

Бесік іздеп жүрмін

Былтыр әлде алдыңғы жылы көрдім. Үйдің жанындағы картоп егетін шарбақтың қазығына ілініп тұр екен. Шүмек байланатын тесігінен. Екі маңдайдағы талдан иілген жақтаулары ортасынан опырылып сыныпты. Кәдімгі көне бесік. Өзім жатқанмын.
Біздің үйдегі сегіз бала түгел жатқан. Ағаларымның балалары да, апаларымның яғни, жиендер де осы бесікте жатқан. Қыр арқасындағы талдан жасалған көлденең ағаш аналардың бесікті тербеткен аялы алақанынан жып-жылтыр болып тұратын. Қазіргі дүниедегі ең сапалы лак та мұндай жылтырата алмас. Алақан табынан әлдебір жылылық есетін.
Құс төсегі, әдеміше жастығы, сан сәбидің иісі сіңген жөргегі, баяғыда апам жасаған әдемі пүліштен тігілген қолбау, өрнектелген тізе бауы, жұмсақ маталардан қабаттап жасалған тізе жастығы, бесікпен бірге жасасып келе жатқан жып-жылы көрпесі бүгінгідей көз алдымда.
Әнебір тұста бесікті «ескіліктің қалдығы» деп күстәналайтындар болған. Тіпті, сол кеңестік дәуірде медицина институтының оқытушылары бесіктің зияны туралы лекция да оқыпты. Тұтас қаншама ұрпақ өсіп-жетілген бесік бүгінде керексіз болып қалды. Ал бесіктің пайдасы туралы көл-көсір әңгіме айтуға болар еді. Онда жатқан баланың тазалығы, денесінің жайлы болуы, сыз дарымайтындығы ғажап емес пе. Бесік бір қалыпты жайлы тербетіледі. Онда жатқан сәбидің де жүйкесі әлдилеген бесіктің ырғағымен бір қалыпты жайлы болып қалыптасады.
Апам марқұм елдегі көзінің сұғы бар дейтін біреулер келе жатса, бесіктің арқасындағы көрпемен жаба салатын. Демек, бесіктің көлденең көздің сұғынан, бейтарап тілден қорғайтын қасиеті бар. Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын, екіншісі – немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшіншісі – дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсе, кімді болсын шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже жоқ» десе керек.
Кеше Көкшетау қаласындағы базарды, ұлттық бұйымдар сатады-ау деген дүкендерді шолып шықтым. Таба алмадым. Сіз көрмедіңіз бе?
Байқал БАЙӘДІЛ,
egemen.kz
19 шілде 2018 ж. 5 208 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031