Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жасалған шыны пластикалық қайықтарға сұраныс артып келеді

Қызылорда облысында жасалған шыны пластикалық қайықтарға сұраныс артып келеді

Қызылорда облысында жасалған шыны пластикалық қайықтарға сұраныс артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 сайтына сілтеме жасап. 
Қызылорда өңіріндегі жалғыз су көлігін құрастыру цехы Арал теңізі маңында орналасқан. Үш жыл бұрын ашылған өндіріс ошағы өнім көлемін 3 есеге ұлғайтқан. Арал теңізінің мұзы ерісімен, шеберханада жұмыс қызады. Тапсырыс берушілер қатары мол. Негізінен балық шаруашылығымен айналысатын аралдықтар теңіз толқынына шыдас беретін қайық беріктігіне баса мән береді. Шеберлер бұған дейін қайықтың пішінін жасау, желімдеу, бояу жұмыстарының барлығын қолмен істейтін. Ал қазір процестің елу пайызы автоматтандырылған. Аралдық ұсталар қажетті шикізатты Еуропадан алдырады. «Үш жыл бұрын алғашқы қайықты қолмен жасайтынбыз. Қазір америкалық аппарат сатып алдық. Қосымша жиһаз да жиналатын шеберханада қазір 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 1 тоннадан астам жүк көтере алатын қайықтардың әр данасы шамамен 400 мың теңгеге бағаланады», - дейді кәсіпкер Жасқайрат Қаныбетов.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда 3 күннің ішінде бір қайық жасалуда. «Аралдық шеберлер су көліктерінің түр-түрін шығарады. Көлдерге саяхат жасауға «Тримаран» ұсынылады. Шыны-пластик бұйымнан істелген жеңіл әрі қауіпсіз «Касатка» мен «Плоскодонка» қайықтары - балық аулауға таптырмас көлік. Суы толып, шағаласы оралып, тірілген теңіз айдынында ұзындығы 6 метр, салмағы 300 келі тартатын осы қайықтардың 50 шақтысы жүр», - деп атап өтті Жасқайрат Қаныбетов. Сондай-ақ, Атырау мен Балқаштың балықшылары да су маржанын сүзуге ыңғайлы Арал қайықтарына арнайы тапсырыс берген. Енді алдағы уақытта жергілікті шеберлер қолынан шыққан кеме, яхталар теңіз төскейін тіліп жүрер күн жақын.
inform.kz
23 сәуір 2018 ж. 1 487 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930