Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ақша сұрап айқайлады": Петропавлда екі ер адам 82 жастағы кейуана мен күтушісін аясуыз ұрып-соққан

"Ақша сұрап айқайлады": Петропавлда екі ер адам 82 жастағы кейуана мен күтушісін аясуыз ұрып-соққан

Петропавлда 82 жастағы кейуана мен күтушісін қатігездікпен ұрып-соғып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды. Олар әйелдерге түн ортасында тап берген. Екі ер адамның бірі бөлмелерді ақтарып, бағалы заттарды іздесе, екіншісі кейуананы азаптаған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап. 


«Ол: «Ақша қайда? Ақша әкел! Алтындарың қайда?» - деп айқайлады. Артынша мені байлап тастағаннан кейін тынышталып, солай жатуым керектігін айтты», - дейді жәбірленуші Мария Гладышева. 
Екі ұры үйге түнгі сағат 3-тің шамасында басып кірген. Бірі күтушіге тап беріп, оны ұрып, еденге лақтырып жіберіп, үстіне көрпе-төсенішті үйіп тастаған. Артынша төсектің тақтайымен зейнеткерді аяусыз ұрып-соғыпты. Мұнан кейін екі әйелді де байлап тастайды. 
Бұл кезде оның серігі үйден ақша іздеген. Осылайша, газ плитасында жасырылған 500 мың теңгені тауыпты. Қылмыскерлердің бірі арада бірнеше күн өткеннен кейін елордада ұсталса, екіншісі Петропавлда ұсталды. Олар ақшаны жұмсап тастағандарын айтты.
Оқиғадан кейін «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілердің екеуі де бұрын сотталған екен. 
«Өзім берілдім. Полицей маған хабарласты, мен онымен кездестім. Кабинетке кіріп, бәрін айтып бердім. Ақшаны жұмсап тастадым», - дейді күдіктілердің бірі. 

06 маусым 2019 ж. 893 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 98

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930