Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада алып жылыжай пайдалануға беріледі

Қызылордада алып жылыжай пайдалануға беріледі

Қызылорда қаласында салынып жатқан алып жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын қалды. 

Толық автоматтандырылған екі гектарды алып жатқан жылыжайда жылына 900 тонна қызанақ өсіріледі. Жоба құны – 1 млрд. 100 млн. теңге. Оның 650 млн. теңгесін Үкімет қолдауымен алды.Серіктестік директоры Ғани Алматов компьютермен басқарылатын кешендегі қызанақ кокос субстратына отырғызылатынын айтады. Мұның экологиялық жағ-дайы халықаралық стандарттарға негізделеді.

Мәселен, Қытай жағы экология, тауардың сапасына бас ауырта бермейді. Жалға алған жерлерді түрлі химикаттармен аз жылда күлге айналдырып жіберетіндіктен де Ресейдің Хакасия үкіметі олардың жылыжайларын жинап, елдеріне кетуіне бұйрық шығарды. Өзгелері де ықыласты емес.Ал Қызылордадағы жылыжай жаңа технология арқылы дүниежүзілік тәжірибе негізінде жұмыс істейді. Мердігер компанияның өкілі, Испаниядан келген Серхио Молина жылу, жарық, суару, салқындату сияқты жүйелер автоматты түрде басқарылатындығын айтады. Жұмысшыларға қалғаны – дайын өнімді жинап, қораптарға салу.

Жаңа технологияны бір көргеннен басқарып кету мүмкін емес. Сондықтан, Испаниядан келген агроном бір жыл осы кешенде жұмыс істеп, жергілікті мамандарды үйретпек.Қызылордадағы бау-бақша өнімдері көрші Түркістан облысына қарағанда қымбаттау болып келген. Енді осындай жылыжайлар облыстың басқа аудандарында да салынатындықтан сырттан тасымалданатын көкөніс бағасы азаяды, баға төмендейді деп күтілуде. Жаңа жұмыс орындары көбейеді. Бір Шиелі ауданының өзінде жиырмаға жуық жылыжай бой көтеретінін ескерсек, бұл алынбайтын меже емес.
08 қаңтар 2019 ж. 1 203 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031