Қыс мезгілінде теріге қандай күтім керек?
Тері қыстағы ызғарға үсіп, құрғай бастайды, сондықтан да арнайы күтімді қажет етеді.
Қақаған аяз бен суық жел қарыған тері нәрлендіретін қорек іздейді. Оның күтімін үйде немесе сән салондарында да арнайы жасауға болады. Біз бүгін сіздер үшін пайдалы болатын бірнеше әдістермен бөлісеміз.
Бетке арналған күтім
Бетіңізде сізді мазалайтын мәселе болмаса да, күндіз-түні күтім жасауды доғармау керек. Бұл әйелдермен қатар, ер адамдарға да қатысты. Алдымен бетке арналған негізгі қарапайым кеңестерге көз жүгірте кетейік... Қыс айларында майлы бет терісі бар қыздар, қалыпты теріге арналған кремдерді қолдана беруіне болады. Ал өзге тері типтеріне мейлінше жақсы нәрлендіретін жақпа майларды қолдануға рұқсат; Суық күндері бітке арналған маскілердің әдеттегіден жиіріек жасауға болады. Мысалы 2-3 күн сайын маска қолдану бет терісін жақсартады; Үй бөлмелері мен жұмыс кеңсеңіздің ауасының тазарып тұруына жіті мән беріңіз. Ал жылу құбырларына су маталарды іліп қоюға болады; Ызғарлы күндері күніне үш литрден кем су ішпеңіз. Өйткені, жаңа жоғарыда айтқанымыздай күннің суығы теріні құрғатады.
Проблемалық теріге күтім Егер теріңіз бұрыннан проблемалық болып, сізді жиі мазаласа, күннің суытуы оған кері әсер бере бастайды. Бұндай жағдайда теріні профилактикадан өткізудің артықтығы жоқ.
Проблемалық теріге бірнеше әдістер арқылы көмектесуге болады.
Теріні белсенді, әрі жүйелі түрде тазалау. Ол үшін құрамында pH элементі жоғары косметикалық құралдарды пайдалана беруге болады; Көкөніс пен жемісті тамақтану рационыңызға жиірек қосу; Теріні жақсы ағартатын маскілерді мезгілімен қолдану; Ал тіпті жиі мазалайтын болса дермотолог не, косметолог маманға көрініңіз. Қыс маусымы жақындағаннан теріге маска жасауды жиілеткен жөн. Сол кезде аяз теріге көп зақым алып келмейді. Көптеген қыздар күн суытқан уақыттан бастап, SPF кремдерді пайдалануды доғарады. Өйткені, «Күн жоқ қой» деп ақталады. Әсілінде бұл дұрыс емес! Күннен түсетін сәуле жаздағыдай белсенді болмаса да, тері қартаю процесін жалғастыруын доғармайды. Осы себептен де құрамында SPF проценті 15 кем емес тоналды кремдер мен далаптарды қолдануды үзбеңіз.