Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дәрігер» сона

«Дәрігер» сона

Көптен қалмай жүріп, Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледжде табаны күректей үш жыл оқып, кең көлемді тракторист мамандығын алдым. Бірақ шешемнің кейде ұрысқанда айтатынындай «Қаным тұщы, иім бос па» қайдам, әйтеуір менің тақымыма түскен техника бір оңдырып жүрмейді. Бәрінің де кежегесі кейін кетіп тұрады. Ал, анау бір жыл, бір айдың ішінде жарық дүниеге бірге келген аттай құрдасым Татанның «бас жібінен ұстаған техникасы» мүлдем тұрмайды-ау, тұрмайды.
Жақында серіктестік директоры әдейі кабинетіне шақырып алып: «Молодец! Жауапты науқан – егіс егуді біркісідей ұйымшылдықпен аяқтап шығуға үлес қостың. Енді ұжымға қарасты жемшөп дайындау үшін пішенге шығуың керек!», – деді. Басшы айтты, бітті. Шықтым.
Көк пішенге келіп «Иә, сәт!» деп түскен күні вариаторым кетті. Оны жөндеп алдым. Бүгін таңертең қоңыр салқынмен бір өндіріп тастайыншы деген құлшыныспен жатка штурвалына қонжия отырдым. Көк майсаны сұлата шауып келе жатқанмын. Тағы да құдай төбеден ұрды. Зырылдап шыр көбелек айналған мотовиланың оң жақ тұсы сарт-сұрт ете түскені бар емес пе?! Дереу жаткамды тоқтата қойдым. Пышақты қозғалысқа келтіретін шатуын сынып кетіпті. Енді қайттім? «Техниканың жүріп-тұруына жауап беретін механик бар ғой. Астындағы ойнақтаған машинасымен бір соғар», – деген оймен комбайн көлеңкесіне көк пішенді төсеп жіберіп қисайдым.
Тап-таза кең бөлме іші. Ақ қардай кіршіксіз жамылғы төселген кереует үстінде жатыр екенмін. Бір кезде есікті жайлап ашып, үстіне ақ халат киген аққұба өңді, екі көзі шиедей мөлдіреген, қыпша бел, жап-жас, сүп-сүйкімді қыз кіріп келді.
– Сәлеметсіз бе? – деді күлімсіреп.
Мен де амандасқан болып басымды изедім.
– Механизатор Жайлы Өрісов деген ағай сіз бе? – деді тағы.
– Иә, – дедім мен.
– Қытымыр қысқа түсетін қоғамдық малға жемшөп дайындау жорығы кезінде сырқаттанып қалған сіздей еңбек адамына құрақ-ұша қызмет ету – біздей дәрігерлердің абыройлы борышы. Қане, тездетіп укол алуға дайындала қойыңыз!
Ол сүйріктей әдемі саусақтарымен қыса ұстаған шприцті оңтайлай берді...
Мызғып кеткен екенмін, ояна келсем мұрнымның үстіне үшкір тұмсығын сұғып алып, бір сона отыр екен. Ұйқымды шайдай аштым. Укол салғалы жүрген «дәрігерім» осы сона болып шықты. Мен «дызылдаған» мұрнымның үстін сипап қойып, орнымнан еріне тұрдым.
Анадай жерде жаткасынан түсіп, екі езуі екі құлағына жете ыржиып:
– Әй, не болды? – деп құрдасым Татан келе жатты.
Сахи ҚАПАР
14 тамыз 2018 ж. 2 539 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930