Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баршаға ортақ іс

Баршаға ортақ іс

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып үлгеретін қауіпті кесел. Онымен күресу – баршаға ортақ іс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері осы жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардар, ұжымдар және өзге де қызметтер заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел.
Қазақстан халқы өз алдына ел болып, еңсесі биік жоғарғы мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Әлібек СҮЛЕЙМЕН,
Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары,
азаматтық қорғау капитаны

11 қараша 2024 ж. 1 317 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 48

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 133

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031