Жақсы іске жан сүйсінер
Қай уақытта да қолыңнан келетін істі дөңгелетіп белгілі бір кәсіппен айналысуға ұмтылу қажет. Бүгінде кез келген адамға кәсіп көзін табуға мүмкіндік жасалған. Ибайдулла Сайлыбай қазір зейнет жасында. Соған қарамастан Қазалы аудандық тері венерология диспансерінде жұмыс істеген 37 жылында жинаған тәжірибесін зая кетірмей кеңес беру кеңсесін ашты.
Дәрігер-венерологтың айтуынша, тері ауруларына қатысты нақты диагноз қою өте қиын, оны тәжірибелі маман ғана дөп басып біле алады. Дертті нақты таппаса емдеу жолы қиынға соғады. Сондықтан да әртүрлі тері ауруларына және аллергия мен инфекцияларға сәйкес ем жүргізіледі.
Ибайдулла Жанахметұлына Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Ақтөбе, Астана, Атыраудан келген жандар дертіне шипа тапқандарына дән риза. Ол ересектермен қатар балалар денсаулығына да қарайды.
«Ішкі секреция қалқанша, ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездерінің зақымдануы теріні өзгеріске ұшыратады. Теріге дәрумендер өте қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспесе тері құрғап, жарылады. Ал С дәрумені жеткіліксіздікке ұшыраса түрлі пигментті дақтар, қанталаулар көбейіп кетеді. Жоғары жүйке жүйесінің кінәраты да теріге әсер етеді. Шаш түсуі, терінің бөртуі, жара болуы жүйке жүйесіне тікелей байланысты. Бұлар тері ауруларының созылмалы, адамды азапқа салатын күрделі түрлеріне душар етеді. Емдеу жолдары да оңай емес. Індеттерді болдырмау үшін алдын алу шараларын жете біліп, мүлтіксіз орындарға күш салу
Талай жанына дауа іздегендерді емдік моншаға шөппен түсіріп, шунгит тасы салынған ваннаға жатқызу арқылы қаншама науқасты емдедедім. Шунгитті ванна түрлі тері ауруларына, буынға, ішкі құрылысқа, қан тамыры мен жүрек ауруларына көмектеседі. Адам терісін жақсарта түседі», – дейді Ибайдулла.
Дәрігер-венеролог Қазалыдан ем алып, басқа қалаға қоныс аударғандар да жасаған қызмет ұмытпай хабарласып тұрады екен. Оған псориаз бен аллергияға шалдыққандар дертіне дауа іздеп келеді. Олар ел асып, Қырғызстан мен Ресейде дәрігерлерге көрінгенмен айықпай Ибайдулланың емінен кейін жазылғандар саны көп көрінеді. Себебі ол ауруға қарсы сықпа жақпаларды бұрынғы рецептпен дайындайды. Шындықты жаны қалайтын, адалдыққа қиянат жасамайтын, адамгершілікті жоғары бағалайтын зейнет жанындағы дәрігер әрдайым қиналған халыққа жәрдемдесуден жалыққан емес.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА