Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметтің жаңарған құрамы табысымызды арттырады - Тоқаев

Үкіметтің жаңарған құрамы табысымызды арттырады - Тоқаев

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған құрамы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын. Сіздер келісім берген жағдайда Үкіметтің жаңарған құрамы табысымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар-күш жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Онда жаңа құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталамын", - дейді Президент. 

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.

Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. 
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау тәртібі туралы айтты. Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.

"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", - деді Берік Уәли.
Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды. 

Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Бүгінде премьер-министр қызметіне 43 жастағы Олжас Бектенов ұсынылды. 
06 ақпан 2024 ж. 127 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 48

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 96

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 104

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 77

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031