Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фобия қайдан пайда болды?

Фобия қайдан пайда болды?

Бала тәрбиесінің негізгі институты – отбасы. Ол отбасында нәресте және жасөспірім кезінде нені алады, дәл соны есте сақтайды, жинақтайды. Өзінің барлық кейінгі өмірінде қолданады. Тәрбие процесінде ата-ана баласына бірнеше талап қоя алады. Бұл тіпті тәрбиенің қажетті шарты деген тұжырымда мамандар.
Соңғы кездері жиі естіп жүрген психологиялық терминнің бірі – травма. Қазақшалағанда «жарақат» деп айтып жүрміз. Травма – бұл адамның өмірінде болған ересек немесе жас шағында ұшыраған қорқынышты жағдай емес. Бұл оның психикаға әсер еткен салдары. Яғни «жарақат» дегенде өмірдің бағасы, адам өмірі үшін ең қиын және қатерлі жағдайда өмір сүру үшін психиканың қалыптасқан қорғанысын түсінеміз. Дене жарақатқа төтеп, аман қалды. Бірақ оның бүтін күйінде қалуын және бұрынғы күйінде қалуын білдірмейді. Белгілі бір жарақаттық оқиғалар болған кезде, олар жүйке жүйесінде естеліктермен бірге сақталады – бейнелер, оқиғаның суреті, дыбыстар, иістер. Басты есте сақтау қажеттігі – бұл жарақат із қалдырады. Ересек адамның жарақатпен күресу қабілеті балаға қарағанда көбірек. Миы мен жүйке жүйесі 20 жыл бойы жетілетін және мидың кейбір бөліктері ұзаққа созылатын бала үшін травматикалық оқиғалардың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Ең алдымен, мидың функционалдығына, дәлірек айтсақ, ойлауға, эмоционалды компонентке және әлеуметтік өзара әрекеттесуге әсер ету. Басқаша айтқанда, балаға травмадан кейінгі стресстік бұзылыс диагнозы қойылғанда, баланың өмір сапасына кері әсер ететін бірқатар белгіні байқауымыз мүмкін. Сонымен қатар жарақат баланың өмірі мен психикасына қайтымсыз әсер етеді деп ойлауға болмайды.
Жоқ бұл олай емес. Нәресте қиын жағдайдан өтуі керек болған кезде, ең алдымен, өмірдің қай саласында жарақат алғанын бағалау керек. Балаға қиындықты жеңу үшін оған тұрақты, қолдаушы және тапқыр ересек адамның көмегі қажет. Басқаша айтқанда, балаға ең жақсы дәрі – бұл жарақатқа қауіпсіз жауап бере білу. Ересектерден қолдау, эмпатия және тұрақтылық сезімі.
Қазір бала шақтағы жарақат жайлы көп айтылып, талқыға салынады. Бұдан 10-20 жыл бұрын мұншама дабыл қағылмады? Не үшін?
– Жалпы алғанда біз зорлық-зомбылықты бала көшеден көреді деп ойлаймыз. Негізінде түп тамырына үңілетін болсақ, оны үйінен көреді. Балаға айқайлау, оны ұру, шеттету, біреумен салыстыру арқылы әлі қалыптасып үлгермеген индивидтің өзін бағалау деңгейін төмендетеміз. Егер бала бір нәрсені дұрыс жасамады ма, оның әрекетін айтуымыз тиіс. Нақты шешімін қалай әрекет етудің түсіндіру керек. Мәселен, «Сен бүгін құрбыңмен ұрысыпсың не, досыңмен төбелесіпсің, сенің осы әрекетің дұрыс болмады» деп айтылғаны жөн. Бұл жерде әрекеті қозғалуы тиіс, өзі емес. Ал біз керісінше, өй оңбаған неме, сен менің абыройымды төктің. Апайың хабарласты. «Сөйтіпсің ғой, бүйтіпсің ғой. Неге олай істейсің?! Оңбаған, оңбайсың, адам болмайсың!» деп айқайға саламыз. Бұлай айтуға мүлдем болмайды. Сол аңдамай ашумен айтылған сөздер балаға психологиялық травма болады. Өйткені оның санасындағы «Мен оңбаймын. Мұны шешем, ең жақын адамым әкем айтып отыр» деген ойлар миына автоматты түрде қатталады. Ешқашан өз бауыр етіңді біреудің баласымен салыстыруға болмайды. Одан да «Ана көршінің ұлын не қызын қарашы олимпиадада үшінші орын алыпты. Сен мықтысың одан да жоғары жетістікке жете аласың. Қолыңнан келеді. Менің балам мықты» деген сияқты сөздермен көтермелеу күнделікті әдетке айналса құба құп, – дейді педагог психолог Айгүл Жұбаназарова.
Психологтың мәлімдеуінше, мейлі ол қандай рухы мықты әрбір айтылған ауыр сөзді қабылдамайды деу әбестік. Бәрібір санада жанға салған жарақат қалады. Сонымен бірге баланы үміттендіріп, берген уәдені орындамай алдап кетуге де болмайды. Мысалы, ертең 4-5 бағалар алуға талпынамын деп өзін қайрайды. Себебі «Маған жақсы телефон алып беремін деген, әкем алтын сырға тарту етемін деген» сынды уәдені бала ұмытпайды. Бірақ көп жағдайда ата-ана ол сөзінде тұрмайды.
Ал осы жарақат қай кезде пайда болады, оны қалай тарқатамыз? сынды сауалдар да қойылды.
– Бала кездегі жарақат. Негізінен ғылыми тұжырымдаға сүйенсек, ол жатырда дами бастаған кезден басталады. Егер бізді трансқа енгізсе, сол кездегі құрсақта жатқаннан бастап, барлық жарақатты еске түсірер едік. Мәселен, кейбір ана ашу үстінде өз сөзін байыптамай, осыны неге көтеріп жүрмін. Тумау керек еді. Күйеуімен ұрысқанда сенің тұқымыңды көтеріп жүрмін дейді. Соның бәрі балаға әсерін беріп, психологиялық жарақат алады. Сол жарақат түпкі санада тұрады. Бала іште жатқан кезден «Сені күтіп, жүрміз. Сен көптен аңсаған бөлшегімізсің» дегеннен бастап баланың психикасы жақсы орнай бастайды. Міне, осы тұстағы бір қателігіміз, 9 ай аяғы ауыр әйелге психологиялық жайлы жағдай жасамаймыз. Себебі әйел тынықпаса, оның ашуланғаны мен реніші ішкі нәрестеге кері ықпал етеді. Кезінде бұрынғылар жүкті әйелге құрсақ шашу тойын жасап, сыйлықтар ұсынып, қыдыртатын болған. Өйткені әдемі жерлерге барса, жаны жайсаң адамдармен дәмдес болса, бала көрікті, әрі ақылды болады деп сенген.
Қазір керісінше, туғаннан бастап, өбектейміз де, екіқабат әйелдің жағдайына мән бермейміз. Бір қызық дерек айтайын, кішкентай шақалақты «ештеңе түсінбейді, есі жоқ» дейміз. Бірақ олай емес, бала түпкі санамен әрекет етеді. Ол анасының кім екенін иісінен ажыратады. Ол жанынан кетіп қалса, шарылдап жылайды. Өйткені ол тастап кетті деп ойлайды. Сондықтан сәбиді ештеңе қабылдамайды демей, онымен сөйлесіп, түсіндіріп отырған дұрыс. «Мен сыртқа шығып келейін, су ішіп алайын. Қазір келемін» деп айту керек, – дейді Айгүл Жұбаназарова.
Сайып келгенде ересектер кейде өздерінің ішкі қақтығыстарының тамыры терең балалық шақта жатқанын сезбейді. Кейде балалардағы қиындықтардың себептерін түсінуге тырысу егде жаста болса да көптеген психикалық проблеманы жоюға көмектеседі.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 қаңтар 2024 ж. 340 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930