Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Археологтар Қазақстандағы ең көне адам қорымдарын тапты

Археологтар Қазақстандағы ең көне адам қорымдарын тапты

Назарбаев Университетінің, Марғұлан атындағы археологиялық институтының, Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті (АҚШ) және Павлодар мемлекеттік университетінің археолог-ғалымдарынан құралған зерттеушілер тобы қола дәуіріне тиесілі обасының астында жатқан тас дәуірінің жерлеу орындарын тапты.
Бұл көне обаларда біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдыққа (шамамен б.д.д. 5471–5222 жж.) жататын, шамамен ерте неолит дәуіріне тиесілі жерлеу орындарын анықталған.
Ғалымдар радиокөміртекті зерттеуден кейін Абай облысы Көкен елді мекеніндегі жерлеу орындарында Қазақстанның бүкіл аумағындағы жерлеу контексті сақталған ең ежелгі адам қалдықтары бар екенін анықтады. Бұл ашылу Қазақстанның мәдени мұрасының бірегейлігін айшықтап, оның қаншалықты құнды екенін дәлелдей түседі. 
Табылған көне жәдігер ғалымдарға 7500 жыл бұрын аймақта мекендеген тас дәуіріндегі аңшы-терімшілердің сенімін, өмір салтын және жеке басын зерттеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
"Қазба жұмыстары мен талдаудан бастап материалды жариялауға дейінгі барлық процесске қазақстандық және халықаралық мамандардан құралған тобымыз үш жылдан астам уақыт жұмсады. Бұл жаңалықтың қазақ археологиясы үшін маңызы зор. Қазақстанда тас дәуіріне қатысты археологиялық материалдар өте көп, бірақ бұл жерде нақты адам жерлеу орындары туралы сөз қозғалып отыр. Табылған көне қалдықтардың арқасында сол уақыттарда осы аймақты мекендеген адамдардың өмірін тануға, зерттеуге мүмкіндік ашылды", – деп атап өтті Назарбаев Университетінің доценті, археолог Паула Доумани Дюпюй.
Зеттеу жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат отандық "Қазақстан Археологиясы" ғылыми жаңалығында жарияланды. Қабірде екі адамның сүйегі болуы ықтимал. Остеологиялық талдау сүйектердің жасөспірім мен ересек адамға тиесілі екенін көрсетті. TEECA тобы жүргізген талдау әртүрлі адамдардың қаңқа бөліктері бірге жерленген ерекше рәсімнің бар екенін көрсетеді. Көкен қорымында сопақ пішінді бір обаға екі адам қосымша құрал-саймандарынсыз жерленген. Ересек ер адам эмбрион формасында жатқызылған, шүберекке оралған және қазба жұмыстары кезінде басы табылған жоқ. Жақын жерден табылған жасөспірімнің бас сүйегі бар, бірақ қаңқасы болмаған. Зерттеушілер мұны әдейі жасалған рәсім немесе сол жердің кейінгі тұрғындарының қабірді ішінара қиратуының нәтижесі деп есептейді.
Қазіргі уақытта зерттеушілер Көкен қорымында тас дәуіріндегі жерлеу әдісімен байланысы болуы мүмкін және мұндай қос жерлеудің болуын түсіндіруге көмектесетін тұрғын үй құрылыстары мен басқа да тас дәуіріндегі қорымдарды іздеу үстінде.
"Ең қиыны жаңбыр кезінде қазба жұмыстарын жүргізу болды. Күні бойы жаңбыр жауғандықтан, жерлеу орындарын ылғалдан қорғауға тура келді. Қаңқа сүйекті ыдырататын қиыршық тасты топырақтан табылды, сондықтан қалдықтарды жойып алмау үшін қазба жұмыстары кезінде шыдамдылық танытуға тура келді. Мұндай қорымдарды табу өте қиын, бірақ бұл біздің қолымыздан келді. Келесі жерлеу жердің қашан табылатыны, ол табыла ма жоқ па белгісіз", – дейді Сент-Луистегі Вашингтон университетінде докторантурада оқитын Назарбаев университетінің түлегі Жұлдыз Ташманбетова.
Сондай-ақ ашылу Көкенді мекендеген ежелгі адамдар үшін бұл аймақ қаншалықты маңызды болды, бір қорымда екі тұлғаның жерленуіне нақты не ықпал етті деген сұрақтар туындатады. Зерттеушілер осы және басқа да сұрақтарға Қазақстаннан ғана емес, Көкеннің солтүстік-шығысында орналасқан басқа да аймақтардан жауап іздемек. Бір адамның басын екінші адамның денесімен бірге жерлейтін жерлеу рәсімі Сібір мен Моңғолияда да болған. Мұндай ұқсастықтардың болуы Шығыс Қазақстан халықтарының тас дәуірінде-ақ кең ауқымды мәдени байланыстары болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сонымен қатар бұл ашылу ғалымдарға кейіннен Еуразия құрлығының ұлы көшпелі мәдениеттерінің дамуына әсер еткен тас дәуіріндегі халықтардың өзара әрекеттесуінің динамикасына және популяция құрылымына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

07 қараша 2023 ж. 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930