Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады

Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Франция мен Қазақстан президенттерінің Ақордадағы кездесуі алдында Қазақ-француз университеті ашылатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгін Мемлекет басшылары арасында Қазақстанда Қазақ-француз университетін ашу мәселесі пысықталатыны мәлім етілді», - деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, аталмыш жоғары оқу орны Қазақ-алман университетінің үлгісімен құрылуы мүмкін.

«Біз жеке жұмыс тобын құрып, мәселені сол алаңда талқылаймыз. Сондай-ақ өңірлердегі жоғарғы оқу орындарында мықты франциялық университеттерді тарта отырып, зерттеу кафедраларын ашу мәселесін талқылаймыз. Франциялық университеттерден келген делегациялар да біздің елде жүр. Бүгін екі ел ректорларының форумы басталады. Іс-шара Алматы қаласында 3 күн бойы өтеді», - деді министр.

Еске салайық, Франция президенті Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.
01 қараша 2023 ж. 195 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031