Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бизнес субъектілерiнің жұмысына комплаенс қызметі енгізілді

Қызылордада бизнес субъектілерiнің жұмысына комплаенс қызметі енгізілді

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірде жол құрылысы саласында қызмет атқаратын «МД-Стройгрупп», «Дорстрой» ЖШС-ларымен комплаенс қызметін енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған серіктестіктер халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында құрылысты, реконструкциялауды, жөндеуді және пайдалануды жүзеге асырады.
«МД-Строй групп» ЖШС өңірімізде 50-ге жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін серіктестік болса, «Дорстрой» ЖШС-і қазіргі таңда 150 жұмысшылардан құрылған кәсіпкерлік субъектісі.

Компания директорларының өтініші негізінде заманауи талаптарды жүзеге асыру мақсатында аталған серіктестіктердің штаттық кестесінде комплаенс-қызметі құрылды. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және жұмысын қадағалауға міндеттелген.


Кездесу барысында өңірлік Антикормен аталған кәсіпкерлерге «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары туралы ақпарат беріліп, компаниялардың осы жобаларға да белсенді қатыса алатыны айтылды. Қазіргі таңда кәсіптік субъектілерінде комплаенс қызметтерін енгізу ауқымды жүргізілуде. Бұл кез-келген бизнеске мемлекеттік органдар мен контрагенттердің негізсіз талаптарын, сондай-ақ шығындарды, төлемдерді, салықтық және басқа да ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін қажет.
06 қазан 2023 ж. 155 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930