Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірінде егіздер көп дүниеге келген

Қазақстанның қай өңірінде егіздер көп дүниеге келген

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы елімізде егіз бен үшемнің дүниеге келуіне қатысты статистика мәліметтерін бөлісті, деп хабарлайды syrboyi.kz
Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы 8 268 егіз, 151 үшем дүниеге келген.
«Туған егіз саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысы, сәйкесінше, 782 және 756 егіз», – делінген Ұлттық статистика бюросы берген ақпаратта.
Үшемнің дүниеге келуі бойынша алғашқы үштікті Түркістан облысы (24 үшем), Алматы (21) және Астана (18) бастап тұр.
«Өткен жылы төртем дүниеге келген жоқ», – дейді Ұлттық статистика бюросы. Жалпы 2022 жылы туғандар саны – 1403,9 мың адам.
«Жоғары туу көрсеткіші Маңғыстауда (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облысы мен Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туу бойынша негізгі үлес 30-34 жас аралығындағы (28,6%) және 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі (28,1%)», – делінген Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратта.
04 қазан 2023 ж. 258 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031