ЖРВИ-дан сақтану үшін не істеу қажет
Астана қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды inform.kz.
Астана қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, осы жылдың алғашқы сегіз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 37 есеге төмендеген (109 674 жағдайдан 2 970 жағдайға дейін).
«Биыл тамыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 92 есеге (9162 жағдайдан 99 жағдайға дейін), осы жылдың шілде айымен салыстырғанда бір есе (103 жағдайдан 99 жағдайға дейін) төмендеді. Осы жылдың тамыз айының соңғы аптасында (25-31 тамыз аралығында) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 22 есеге (516-дан 23 жағдайға дейін), алдыңғы аптамен (18-24 тамыз) салыстырғанда сырқаттанушылық 1,2 есе (28-ден 23 жағдайға дейін) төмендеді», - дейді ол.
Айта кетейік, SARS-CoV-2 вирусына қатысты эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп, геномдық секвенирлеу әдісімен генетикалық сипаттама бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр.
Бүгінде Қазақстан аумағында айналатын SARS-CoV-2 (омикрон) вирусының 15 генетикалық желісі анықталды. Жүргізілген соңғы зерттеулер барысында Қазақстан үшін жаңа субгенетикалық желі табылған жоқ.
Елордада 2023 жылдың алғашқы сегіз айында ЖРВИ ауруының 232 494 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда 132 771 жағдай анықталған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2 есе немесе 49% - ға артқаны байқалды.
Осы жылдың тамыз айында сырқаттанушылық (11124 ж) өткен 2022 жылдың тамыз айымен салыстырғанда (7833 ж) 23% - ға өсті.
Осыған байланысты, Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың артқанын ескере отырып, тұрғындарға спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын сақтауды ұсынады:
- ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен байланыста болудан аулақ болыңыз, егер байланыс болған жағдайда сіз маска киюіңіз болуыңыз керек;
- ауырып қалған жағдайда үйде болыңыз. Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз, медицина қызметкерін шақырыңыз, отбасы арасында немесе қоғамдық жерлерде маска тағыңыз және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу қажет;
- түшкіру және жөтелу кезінде аузыңызды майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;
- иммундық жүйені көтеріңіз: дәрігердің ұсынысы бойынша С дәрумені мен басқа құралдарды қолданыңыз;
- қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше бұқаралық іс-шараларға қатысуды қысқарту, ал ауру белгілері бар адамдарға үйде болып, дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу қажет;
- бөлмелерді жиі желдетіңіз;
- ауырып қалған балаларды мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу;