Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы күн өтуден қалай қорғауға болады - педиатр кеңесі

Баланы күн өтуден қалай қорғауға болады - педиатр кеңесі

Жаз - балалардың далада көп ойнайтын уақыты. Ата-аналар да балаларының далада мүмкіндігінше көп жүргенін қалайды. Алайда, қауіпсіздік ережелері сақталмаса, күн сәулесі балалардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы «Алау» оңалту орталығының директоры, педиатр Майя Шегебаева айтты, деп хабарлайды inform.kz.
Дәрігердің айтуынша, күн сәулесі теріде болатын күрделі биохимиялық процестерді белсендіре отырып, бүкіл денеге, жүйке жүйесіне, қан айналымы жүйесіне, жалпы метаболизмге пайдалы әсер етеді, бактерицидтік қасиеттерге ие және витамин синтезінің механизмін іске қосады. Бірақ, шамадан тыс күн сәулесі кері әсер етуі мүмкін.
«Егер ұзақ серуендеуге шықсаңыз, не күн астында болу уақытын жоспарлау мүмкін болмаса, баланы толығымен шешіндірмегеніңіз, қол-аяғын жауып тұратын жеңіл, денені пысынатпайтын киім кигізген дұрыс. Бас киімді кигізуді ұмытпаңыз, дененің ашық жеріне күннен қорғайтын арнайы крем қолданыңыз және балаға су беріп отырыңыз. Күннен қорғайтын кремді таңдағанда, нұсқаулыққа назар аударыңыз - ол балаға жағуға арналған болуы керек. Қолдану ережелерін мұқият зерттеңіз: сумен жуыла ма, қаншалықты жиі қолдану керек?! Егер бала күн астында шолақ дамбалсыз немесе жаялықсыз болса, кремді бөксеге жағуды ұмытпаңыз, себебі, ол жердегі тері өте нәзік», - дейді ол.
Майя Шегебаева таңғы 10-нан кешкі 16-ға дейін күн астында жүруден аулақ болуды ұсынады. Осы уақытты үйде немесе көлеңкеде өткізуге кеңес береді.
«Егер сіз күнді жағажайда немесе саябақта өткізуді жоспарласаңыз, көлеңке бар жерді тауып, қолшатыр немесе шатыр орнатыңыз. Балалар күннің күйіп тұрған сәулесінен қорғау керек, себебі олар сезімтал келеді. Күннен күйіп қалу, әдеттегідей, теріде қызыл із қалдырады. Ауыр жағдайда ауызы көпіршіп, қызуы көтеріліп, қалтырап, басы ауруы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңесу керек», - деді педиатор дәрігер.
Егер балаға күн өтіп кеткен жағдайда, емделуі керек, егер ол ауыр болса, тіпті ауруханаға жатқызылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, дәрігер күн ыстықта балаға көп сұйықтықты беруді ұсынады.
«Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз балаға күн өтіп кетуден қорғай аласыз. Балаңыздың денсаулығы ең маңызды нәрсе екенін ұмытпаңыз», - деп ескертті дәрігер.
28 шілде 2023 ж. 165 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930