Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық студенттер ХХХІ жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады

Қазақстандық студенттер ХХХІ жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады

Қазақстан құрамасы сапында 90 студент Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
27 шілде - 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындары өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар болып табылады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, студенттеріміз жүзу, жеңіл атлетика, семсерлесу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, у-шу, оқ ату, садақ ату, дайвинг, су полосы, бадминтон, баскетбол, академиялық есу, үлкен теннис, волейбол секілді 11 спорт түрінен өзара сайысқа түседі. Ел құрамасы сапында 90 студент өнер көрсетеді, сондай-ақ делегация құрамында 20 жаттықтырушы, 2 дәрігер, 1 журналист, 3 штаб өкілі бар, барлығы – 116 адам.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының дене шынықтыру мамандығының 3-курс студенті, Қазақстаның үш дүркін чемпионы, дзюдо күресінен спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд, Банког) Қаблан Нұрсұлтан (07.07.2003) салтанатты ашылу рәсіміндегі шеруде Қазақстан құрамасының көшін бастап, еліміздің жалауын көтеріп шығады, - делінген мәліметте.
27 шілде күні 20:00-де (Қытай уақытымен) спортшылар қалашығында мемлекеттік ту көтеру рәсімі, 28 шілде ашылу салтанаты, 8 тамыз жабылу салтанаты өтеді. 27 шілдеде біздің спортшылар садақ ату жарысымен студенттік ойындарды бастайды. Еліміздің құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен құралған.
24 шілде 2023 ж. 278 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 122

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031