Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстандағы әскери ұшқышсыз ұшақтар үлесін арттыруды тапсырды

Тоқаев Қазақстандағы әскери ұшқышсыз ұшақтар үлесін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы - Жоғарғы бБас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын одан әрі технологиялық жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканың, әсіресе жоғары дәлдіктегі зақымдау құралдарының, дрондар мен роботтық кешендердің үлесін арттыру қажет. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру үшін әскери-көліктік авиация мен жауынгерлік машиналар паркін ұлғайту қажет. Алдыңғы қатарлы ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу маңызды міндет болып табылады. Шешім қабылдаудың жеделдігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл әскерлерді қолданудың тиімділігін бірнеше рет жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Президент бүкілармия кеңесі барысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, отандық әскери-өнеркәсіп кешені армиямызды толыққанды қаруландыру мен жаңғыртуда маңызды рөл атқаруға тиіс.
"Үкімет әскери мақсаттағы өнімдер мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту үшін барлық шараларды қабылдауы керек. Тағы бір өзекті міндет - зауыттық және әскери жөндеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бағытта біздің әлеуетіміз зор", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
05 мамыр 2023 ж. 295 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031