Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда обаға қарсы күрес мамандарының жалақысы мардымсыз, еңбегі бағаланбайды - Депутат

Қазақстанда обаға қарсы күрес мамандарының жалақысы мардымсыз, еңбегі бағаланбайды - Депутат

Еліміздегі обамен күрес мекемелерінің басшылығы қызметкерлерінің еңбегі бағаланбайтынын айтып, шағымданған. ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты осы жағдайға қатысты Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды stan.kz.
Шынтуайтына келгенде, обамен күрес мамандарының жалақысы көтерілген. Бірақ осы тұста алалау бар болып шықты. Кәсіби білімі барлардың айлығы ғана көтеріліп, бірақ осы қызметте көп жылдар бойы еңбек етіп жүрген кәсіптік білімі жоқтардың жалақысы сол мардымсыз күйде қалған.
“Осы мамандыққа оқымаса да, бұл қызметкерлердің білігі мен тәжірибесі салалық жоғары білімі барлардан еш кем түспейді. Ал биологиялық вирустарды қоздырғыштармен жұмыс істей отырып, денсаулығын қауіпке тіккені үшін жалақысының 50 пайызына тең келетін өтемақыны обамен күрес қызметінің бар болғаны 23 пайызы қамтамасыз етілген”, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова.
Қалыптасқан ахуал салдарынан аталмыш қызметтегі маман тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан депутаттар екінші жарты жылдықтан қалдырмай мәселені шешуді талап етті. Өйтпеген жағдайда еліміздің биологиялық қауіпсіздігі қатерге ұшырауы ғажап емес.
04 мамыр 2023 ж. 203 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031