Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді-мекендерді сумен қамтуға 280 млрд теңге бөлінді

Елді-мекендерді сумен қамтуға 280 млрд теңге бөлінді

2022 жылы еліміздегі қалаларда сумен жабдықтау қызметтері 98,4%-ға, сондай-ақ ауылды жерлерде 94,5%-ға қолжетімді болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің сөзінше, қазір Қазақстанның 9 өңірінде қала халқын сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға жетіп отыр.
Ведомство басшысы айтқандай, таза сумен қамтамасыз етуде Жамбыл (91,9%) облысындағы қалалар мен Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында баяу динамика байқалып отыр.
Бұл ретте биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салып, жаңғырту жөніндегі 400-ден астам жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінгенін айта кеткен орынды. Осы арқылы жыл соңына дейін қалаларды сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98,8%-ға, ал елді мекендерде 96,3%-ға жеткізу көзделген.
Сонымен қатар М.Қарабаев су тазарту жүйелерінің қауқарын арттырып, магистральды су құбырларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Таза суды тарту бойынша кезеңдік жоспар әзірленіп, соған сәйкес барлық елді мекен қамтылады. Әрбір қалалық және ауылды елді мекенге байланысты мониторинг жүргізіліп келеді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру мәселелері бар», деді министр.
Бұған қоса ол су ресурстарын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау, суды бұру және оны тазартатын жүйелердің өндіріс процестерін автоматтандыруды ұсынды. Бұл арқылы су арналарының барлық кезеңінде қажетті ресурсты есепке алудың кешенді жұмысы жүргізілмек.
«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің гидромоделін құру үшін барлық өндіріс учаскесінде судың көлемін өлшейтін жабдықтарды орнату қажет. Өз кезегінде автоматтандыру ісі су арналарының алдағы уақыттағы шығындарын азайтуға, сондай-ақ тиімді даму моделін жолға қою арқылы су инфрақұрылымын салып, жаңғыртуға жұмсалатын мемлекеттік қаражатты үнемдеуге септеседі», деді М.Қарабаев.
02 мамыр 2023 ж. 339 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 202

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031