Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек

Тоқаев: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек

Қазақстан президенті ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет екенін айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек екенін мәлімдеді.
"Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Қазақстан – Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Сондықтан, сыртқы саудамызды еркін түрде дамытуымыз керек. Бірақ, кемінде өз әлеуетіміз жететін нәрселермен өзімізді қамтамасыз етуіміз қажет. Мысалы, шикізат та, мамандар да, кейбір технология да өз елімізде бар. Елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет екенін айтты.
"Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл – айдан анық нәрсе. Сол себепті, Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек. Депутаттар осы заң жобасына мән береді деп ойлаймын", – деді Қазақстан президенті.
29 наурыз 2023 ж. 294 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 142

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031