Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірегей бастамалар бірлікке бастайды

Бірегей бастамалар бірлікке бастайды

Тура төрт жыл бұрын ел тарихында айтулы оқиға орын алды. Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таққа отырды. Халық ертеңгі күнге зор сеніммен қарап, мемлекет басшысына үлкен үміт артты. Жұрт жұдырықтай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға ниет етті.
«Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын?» деген тәмсілді ері де елі де терең түсінді. Бір-бірін қолдап, байрақ астына бірікті. Тоқаев таққа отырған төрт жыл ішінде не өзгерді? Мемлекет мерейін өсіріп, тұрғындарының талап-тілегі тасада қалмайтындай нендей жаңалықтар жұртшылықты қуантты?

Ұтымды шешімдер ел есінде
Бақыткүл ӘЛІШЕВА, аудандық аурухананың бас дәрігері:
– Қазір елімізде екінің бірі несие төлеп отырғандығы жасырын емес. Тіпті дер кезінде банк алдындағы берешегін бере алмай, қиналып жүргендер қаншама?! Осы орайда ел Президентінің несиесін төлей алмай жүрген әл-ауқаты төмен және көпбалалы отбасылардың қарызын кешіру туралы Жарлығы жұртшылықты жадыратты. Мойынға ілінген қарыздың қамытынан босап, жаңа өмірдің баспалдағын аттаған қазақстандықтар қатары аз емес. Бұл бастама да елдің өркендеуі жолында атқарылған ілкімді істердің бірегейі еді.
Қай кезеңде де ақ пен қара арпалысқан қоғамда әлем жұртын қиын жағдайда қалдырған пандемия пайда болды. Бір Қазақстан емес, бүкіл әлемде ауру асықынып, адам шығыны орын алды. Халықтың бойын үрей билеп, көңіліне күдік салған сырқат кезінде де Президент ұтымды шешім қабылдай білді десек қателеспейміз. Ел-жұрттың амандығын ойлаған Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялап, қатаң шараларды қолға алды. Арнайы комиссия құрылып, мақсатқа жету жолында бірікті. Олар ел экономикасын көтеруге күш салды. Қиын-қыстау уақыт артта қалды десек те әлі де сақтық шараларын сақтай білген жөн деп санаймын.

Ел экономикасын көтеруде келелі істер атқарылуда
Ақтілеу БӨРІҚҰЛАҚОВ, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: 
– Халықтың оң бағасын алған Президенттің шешімдерінің бірі – жаңадан 3 облыстың құрылуы. Оларды Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар екендігін Президенттің өзі айтты. Аталмыш реформа медициналық көмектің жылдам жетуіне, автожолдардың дұрысталуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болды. Халық саны қарқынмен өсіп келе жатқан Қазақстан үшін жаңа аймақтардың ашылуы үлкен мүмкіндіктер әкелері сөзсіз.
Жеті жылға сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының өмірімізге енуі, 100 мың жасты жұмыспен қамту, жалақының өсіп, әйелдердің зейнет жасының төмендеуі – ел игілігі үшін жасалған жарқын іс болды.
Бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған жандарды мемлекет тарапынан қаржылай қолдау жыл өткен сайын еселеніп келеді. Бұл ел экномикасын көтеруге, жұмыссыздар санының азаюына айтарлықтай септігін тигізеді деп сенемін. Елдегі жағдай еңсені көтеріп, еңбек етемін деушіге қолайлы. Сондықтан Мемлекет басшысының реформалары оң нәтиже беруі біз бен сізге де байланысты. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыс істей білсек, жемісін де көреріміз сөзсіз.

Халық үні қашанда маңызды
Ләйла ДӘСТЕНОВА, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп директорының орынбасары:
– Ұлт сенімін арқалап, ел билігін қолға алған Қасым-Жомарт Тоқаев ең алғашқы Жолдауында қоғаммен ашық байланыс орнату, халықтың сұранысына дер кезінде үн қату, әлеуметтің әл-ауқатын арттыру, сот-құқық саласын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат ұстану секілді бағыттарға басымдық берді. Бұл қазақстандықтардың құлағына майдай жақты. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске қосуы талай түйіткілді мәселенің түйінін тарқатуға сеп болды. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдама билік пен қоғам арасында алтын көпір орнатуға таптырмас мүмкіндік болды.
Президенттің бастамасын халық өте жақсы қабылдады, өйткені бұл әрбір қазақстандыққа қатысты мәселе деген ойдамын.



14 ақпан 2023 ж. 161 0

Тікұшақ апатқа ұшырады

06 қаңтар 2025 ж. 41

Жаңа әкім тағайындалды

06 қаңтар 2025 ж. 101

95 көлік соқтығысы

06 қаңтар 2025 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031