Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыдағы қосалқы электр станциялары жаңартылады

Қазалыдағы қосалқы электр станциялары жаңартылады

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі бірқатар электр қуатымен қамту нысандарын аралады. Атап айтқанда, мөлтек аудандағы ТП 76, қауын базарының (бұрынғы хим.чистка) ауласындағы ТП 75, М.Шоқай мен Айбосынов көшелерінің қиылысындағы ТП 17, Аймақаш аймағындағы ТП 389, Әбжанов пен Р.Бағланова көшелерінің қиылысындағы ТП 387, 5 кварталдағы Жетес би мен М.Мақатаев көшелерінің қиылысындағы ТП 63 қосалқы станцияларына барып, зерделеу жұмыстарын жасады.
Аудандық электр торабының бастығы Е.Мұхаштың айтуы бойынша, аталған трансформаторлар 1976 жылдан бері тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты беруде. Пайдалану уақыты ұзарған сайын қосалқы станция құрылғыларының сапасы төмендеп, тозығы жетуде.
Ауа райының қолайсыз күндерінде ауданда жарықтың сөнуі жиілеп кеткенін айтқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өзекті мәселені жедел шешуді тапсырды. Бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электр жүйелерін жаңартуға ұсыныс беріп, халықты сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуіміз керек, - деді аудан басшысы.
Айта кетейік, өткен жылы Қазалы қаласының 10 көшесіне жарықшамдар орнатылып, 15,9 км электр желілері тартылды. Биыл тағы 16,64 км ішкі электр желілері жаңартылмақ. Сонымен қатар, Ү.Түктібаев ауылының электр желілерін қайта жаңғыртуға тиісті қаржысы бөлінді. Ал Әйтеке би кентіндегі осы бағыттағы жұмыстар үшін қаржыландыру күтілуде.
Жалпы, Қазалы ауданы бойынша 1500 км-ден астам электр желілері мен 183 дана трансформатор қондырғылары бар.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 қаңтар 2023 ж. 184 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930