Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » №4 Үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстың жылдық нәтижелері мен алдағы уақыттағы атқарылатын жоспары талқыланды

№4 Үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстың жылдық нәтижелері мен алдағы уақыттағы атқарылатын жоспары талқыланды

Қызылорда облыстық әкімдігініңахуалдық орталығында Департамент басшысының бірініші орынбасары А.А.Ашиковтың, облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.А.Баймановтың, облыстық әкімдікке қарасты басқармалардың бірінші басшылары және қала, аудан әкімдіктердің аппарат басшыларымен жауапты қызметкерлердің қатысуыменжергілікті атқарушы органдарда 2022 жылы №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асырудың жылдық нәтижелері және алдағы уақыттағы жоспары талқыланды.
2022 жылы №4 ҮББ іске асыру нәтижесінде облыстық әкімдікке қарасты 17 басқармамен оларға бағынысты 25 квазимемлекеттік мекемелерімен өз қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу нәтижесінде 350 тәуекелдер анықталып, оларды жою шаралары қабылданды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мен квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Мәжіліс барысында, Департамент басшысының бірініші орынбасары А.Ашиков №4 ҮББ-ның жобалар тобының негізгі түйінділеріне тоқталып, оны іске асыру бойынша қол жеткізілетін индикаторлардың талаптарын, ерекше мән аударытын жағдайлары мен іске асыру сапалығына қатысты түсіндірмелер жасады.

Бұл жұмыс 2022 жылы облыстық деңгейде іске асырылса, осы жылдан бастап қалалық және аудандық деңгейлерде қамтылатынын атап өтті.

Осы орайда, бұл бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдарға консультациялық көмек көрсету және өзазара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Департаментте арнайы қызметкер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар) бөлінгенін жеткізді.

Жиын соңында А.Ашиков Агенттікпен №4 ҮББ-ның жобаларын іске асыру бойынша тоқсан сайын бағалау жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдардың тиісті рейтінгі жасалатынын ескерте отырып, бұл жұмысты жүзеге асыруда жоғары жауапкершілік танытуға шақырды.


09 қаңтар 2023 ж. 359 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930