«Омбудсмен», «уәкіл» сөздері трендке айналып келеді
Бүгін елордада Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың бастамасымен арнайы уәкілеттілігі бар отандық омбудсмендермен және шетелдік омбудсмендермен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, ХКҰ Ұлттық бағдарламалық офицері, Түркия Республикасының Бас омбудсмені, ЕҚЫҰ кеңсесі бөлімінің басшысы, Халықаралық тәуелсіз сарапшы, БҰҰ ППП бұрынғы Вице-төрағасы, Қырғыз Республикасының Ақыйкатчы (омбудсмен) аппаратының бөлім меңгерушісі және «Қадір-қасиет» ҚБ директоры қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова конференцияның негізгі мақсатына тоқталды.
10 желтоқсан Адам құқықтары күні. Бұл Біріккен ұлттар ұйымының шешімі бойынша жыл сайын осы күні атап өтіліп келеді. Осы атаулы күнге орай бүгін жиналып отырмыз. Бүгінгі жиналысымыздың негізгі тақырыбы - қоғамдағы ұлттық адам құқықтары омбудсмендердің міндеттері. Өздеріңіз білетіндей, жақында Конституциялық заң күшіне енді. Сондықтан осы омбудсмендердің адам құқықтарына қандай үлес қосады, олардың қандай міндеттемелері бар. Осы мәселелер талқыланады, - деді ол.
Сөзінше, қоғамда «омбудсмен», «уәкіл» деген сөздердің трендке айналып келе жатқанын көріп жүрміз.
Қазақстан қоғамындағы осындай омбудсмендер кімдер? Олар қандай құқықтарды қорғайды? Қандай сұрақтарға жауап береді? Осы ретте бүгінгі жиынға уәкілдер қатысып отыр. Бүгінгі күні елімізде омбудсмендерден басқа, 17 өңірде адам құқықтары уәкілінің өкілдері, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау уәкілдері жұмыс істейді, - деп атап өтті Әзімова.
Ол елімізде қандай уәкілдер барын айтты. Олар банк, бизнес саласындағы және республика бойынша бала құқықтарын қорғау уәкілдері.
2023 жылы БҰҰ қабылдаған адам құқықтарына қатысты декларацияға 75 жыл толады.