Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Еңбек" бағдарламасына қатысқан 30 мың студент шәкіртақы алады

"Еңбек" бағдарламасына қатысқан 30 мың студент шәкіртақы алады

Қазақстанда 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аяқталды. Оған қатысқан студенттерге мемлекеттен шәкіртақы төленіп келді. Алайда, биыл бағдарламаның аяқталуына байланысты бағдарлама аясында әлі оқуын жалғастырып жатқан студенттерге стипендия төлеудің заңды негізі жойылған болатын.

Осыған орай, Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжаттағы өзгеріске сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде оқуын жалғастыратын студенттерге мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында әлі 30 мың студент оқуын жалғастырып жатыр. Олардың 3 мыңы оқуын 2023 жылға қарай аяқтайтын болса, 2024 жылы 27 мың студент оқу бітіреді.
23 қараша 2022 ж. 414 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 128

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031