Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Көларық және Арықбалық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Жиналған көпшілікке аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайын баяндады. Әкім сөзінде барлық сала қамтылды.
Бүгінде аудан орталығында да, ауылдық жерлерде де жеке кәсіп ашып, жұмыс көздерін көбейтуге мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер туып тұрғанын баса айтты. Тек қол қусырып қарап отырмай, кәсіпкерлікке ден қою қажеттігін жеткізді. Кездесулер барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөрқұлақов елдің бірлігі мен туған жерді таза ұстау жөнінде сөз қозғады.
Аудан әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған тұрғындар ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды. Микрофон алған әрбір тұрғын өзекті мәселелерді көтеріп, басшылық тараптан шешілу жолын сұрады. Атап айтқанда Ақтан батыр ауылының тұрғындары шаруашылыққа пайдаланатын арнайы техника алу, көшелерді жарықтандыру, спорт кешенін салу және азық-түлік бағасының қымбаттауы жайында айтса, жанқожалықтар музыкалық білім беретін арнайы үйірмелер ашу, көше бойындағы көнерген электр бағаналарын ауыстыру, су ұңғымасын қазу сияқты бірқатар мәселелердің барын жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев әрбір қойылған сұраққа жеке-жеке жауап беріп, халық игілігі үшін ұтымды іс-әрекеттер жасалатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Жанқожа батыр ауылындағы Құмарық каналында орналасқан шлюз мәселесі бойынша тиісті басшылыққа ұсыныс жасайтындығын айтып, тұрғындарды қуантты. Ал ауыл маңайындағы жайылымдық жерлердің ешқандай жеке шаруашылықтарға берілмейтіндігін айтты. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан айтылған музыкалық үйірме ашу бойынша жауапты басқармаға ұсыныс берілетіндігін ескертті.
Жанқожа батыр ауылындағы кездесуден кейін аудан басшысы тұрақты жұмысқа орналастыруын сұрап, жеке қабылдауға кірген тұрғынның өтінішіне бей-жай қарамады. Ауыл әкімі мен мектеп директорына жұмыс мәселесін тезірек шешіп беруді тапсырды.
Ақтан батыр мен Жанқожа батыр ауылдарында өткен кездесулер барысында ауыл ақсақалдары аудан көлеміндегі барлық жасалып жатқан жұмыстарға тұрғындар атынан ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Сапар барысында аудан басшысы Ақтан батырдағы №190 және Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептерге арнайы барып, білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығын көрді.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

16 тамыз 2022 ж. 336 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930