Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы ана: "Мен саяси науқаннан қалған емеспін"

Көпбалалы ана: "Мен саяси науқаннан қалған емеспін"

Еліміз үшін маңызды күнде Әйтеке би кентінде тұратын батыр ана Гүлнұр Байымбетова да өз таңдауын жасап, дауыс беру үшін №91 референдум учаскесіне келді.
– Мен қарапайым қазақтың келінімін. Күйеуім екеуміз дүниеге 8 баланы әкеліп, олардың өмірден өз орындарын табу үшін аянбай еңбек етіп келеміз. Бұл шараны өз басым, ең алдымен, азаматтық құқығымды пайдалану, өзіміздің дауысымызды беру арқылы болашаққа сенімді қадам жасау, жақсылықты қолдау деп түсінемін. Біздің әрқайсысымыздың даусымыз шешуші рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да әр азаматтың саяси шараға қатысуы, өз таңдауын жасауы дұрыс деп ойлаймын. Мен өз басым еліміздің тыныштығы, халқымыздың әл-ауқатының артуы, берекелі өмір сүруі жолында дауыс беремін, – дейді батыр ана Гүлнұр Байымбетова.
Саяси науқанға бей-жай қарамай белсенділік танытқан көпбалалы анаға N91 референдум комиссиясының төрағасы Қымбат Сермахан камзол кигізіп, орамал тақты.
#Қазалы
05 маусым 2022 ж. 422 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 66

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 67

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031