Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана тілде сөйлеткен арна

Ана тілде сөйлеткен арна

Білесіз бе, Қырғызстанда үлкен дау тууда. Оған себеп біздегі «Balapan» телеарнасы. Айыр қалпақты жұрттың айтуынша, ондағы балғындар қазақ тілдегі арнаны тамашалап, қазақша сөйлеп үйренген. Қызығы сол, бүлдіршіндер үй ішінде ана тілдерінде емес, қазақ тілінде таза сөйлейді екен. Бұл біз үшін жағымды жаңалық әрине. Дегенмен көрші ағайын мұны құптамасы анық.
Мұндай балалар қатарында қырғыз депутаты Нұржігіт Қадырбековтің қыздары да бар. Бұл туралы депутат Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш отырысында баяндап берген.
Ол тек қазақ тілінде сапалы контент ұсынатын «Balapan» телеарнасы қырғыз бүлдіршіндерінің айнымас серігіне айналғанын айтады. Сондай-ақ, депутат жоғары мінберде «Balapan-ды» негізге алып, қырғыз балалар телеарнасын да тек мемлекеттік тілдерінде, қырғызша көрсететін канал етіп өзгертуді ұсынған. Себебі «Баластан» қазір қырғыз және орыс тілдерінде хабар тарататын көрінеді.«Қазақстан» телеарнасының тілшісіне берген арнайы сұқбатында депутат қырғыз бүлдіршіндері сүйіп көретін телеарнаның қызметін жоғары бағалап, ондағы жобалар отбасылық құндылықтарды насихаттайтынын және бала пайымына лайықталып жасалғанын атап өтті.
– «Balapan» – бұл ең мықты канал. Балалардың психологиясын еске алып даярланған. Контенті әбден бай. Жағымды. Тәлім-тәрбие, балаларға тарихты үйретіп отырған бағдарламалары бар, – дейді Нұржігіт Қадырбеков.
Сол жақтағы қазақстандық тілшілер депутаттың отбасына барып, бүлдіршіндермен тілдесті. Сондағы 6 жасар Байна Қадырбекова «Balapan» телеарнасының көрермені. Одан бөлек сол үйдегі ханшайымдар да арнаны үзбей көреді. Бағдарламаларды жатқа біледі. Қазір тіпті қазақ тілінде емін еркін сөйлейтін деңгейге жеткен.
Арна туралы Бішкек қаласының тұрғыны Сусаркан Шеккеева: «Бұл каналды өздері таңдап көріп жүр. Қазақша сөйлегендерін байқап қалдым. Мен де қызығып көрсем шындығында жақсы екен. Ертеден кешке қазақ тілінде сөйлейді. Тәрбиелік мәнісі де «шоң» екен деді.
2010 жылы ашылған Balapan арнасын бүгінде Қазақстан аумағында жалпы есеппен 2 миллионнан астам абонент көреді. Осы уақытқа дейін телеарнада 302 тележоба, 21 телехикая және жалпы бөлім саны 3 мыңға жуық 103 анимациялық жоба жасалып, эфирден өткен. Айрықша атап өтерлігі, «Balapan» арнасы «Kantar» компаниясы жүргізетін рейтинг жүйесі бойынша отандық үздік 10 телеарнаның ішінде соңғы екі жыл қатарынан 7-орында тұр. Биыл да арнаның балаларға ұсынар базарлығы мол. Арна ұжымының айтуынша, эфирден шығатын танымдық, ойын-сауық бағдарламалар саны артады. Сонымен қатар көрермен көзайымына айналған «Тоқты мен Серке» анимациялық жобасының жаңа сериялары дайындалып жатыр екен. Биыл 100 жылдығы тойланып жатқан жезтаңдай әнші Роза Бағланованың және жарқ еткен майталман спортшы Бекзат Саттархановтың балалық шағына арналған әдемі мультхикаялар да жаңа маусымда эфирге шығады.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесі үшін қызмет еткен Ұлттық арнаның отауы – Тұңғыш балалар телеарнасының ашылғанына биыл 12 жыл. Отандық туынды алдағы күндері ел балғындарын жағымды жаңалықпен қуантары сөзсіз.
Нұр БАҚЫТ
28 мамыр 2022 ж. 664 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 30

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930