Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскері күшті елдің қорғаны мықты

Әскері күшті елдің қорғаны мықты

Қазақ тарихында әскери қуат теңсіздігі бола тұра жеңіске жеткен «Орбұлақ шайқасынан» бөлек бізге белгісіз көптеген қақтығыс болғаны анық. Қазақ халқының бойында болған сол қайтпас қайсарлықтың арқасында еншімізде ұлан-ғайыр жер қалды. Бүгінгі күні де құнды мінездің рөлі ерекше екені даусыз. Бірақ заман көшіне сай бүгінгі күні әскерсіз егемендікті сақтап тұру көптің күмәнін туғызады. Азат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен құрылды. Foreign Policy аналитикалық агенттігінің сараптамасына сенсек, қазіргі Қазақстан Орталық Азиядағы ең қуатты әскери әлеуетке ие мемлекет. Оның қарулы күштері біріктірілген жауынгерлік және техникалық қасиеттері бойынша ТМД елдерінде Ресей Федерациясынан кейін екінші орында тұр.
Сыртқы саясат агенттігі Кеңес армиясының қуатты бөлімшелерінің қуаттылары Қазақ КСР аумағында орналасқанын еске салады. Бұл дегеніміз Алаш елі стратегиялық зымырандық күштер мен авиацияны (79-шы ауыр бомбалаушы әуе дивизиясын) қамтиды деген сөз. Сонымен қатар қазақ жерінде ғарыш және ядролық сынақ полигондары (Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей полигоны, Ембі және Сары-Шаған полигондары), сондай-ақ кәдімгі қару-жарақтың қуатты арсеналдары орналастырылған.
Семей, Өскемен және Қарағанды маңында ядролық соғыс болған жағдайда мотоатқыштар және авиация құрамаларының қуатын ұлғайту үшін әскери техниканы сақтайтын орасан зор жер асты қоймалары (No5202, No5203, No5204) орналастырылғаны ешкімнен жасырын емес. Мұнда жүздеген жауынгерлік техника шоғырландырылып, Шығыс Еуропадан экспортталған арсеналдар есебінен материалдық база ұлғайтылды. 1989 жылы КСРО Қарулы Күштерінің Түркістан және Орта Азия әскери округтері біріктіріліп, тәуелсіз Қазақстан Кеңес әскерінің 200 мың жауынгерлік тобына, стратегиялық қару-жарақ пен ядролық қарудың орасан қорына иелік етті. 1993 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚҚТ) қосылды. Соннан соң 1996 жылға дейін ядролық арсенал жойылып, атом бомбасының оқтұмсықтары, зымырандар мен ТУ-95МС стратегиялық зымыран тасығыштары Ресейге әкетілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» сияқты төрт аймақтық қолбасшылыққа бөлінген. Барлық әскери құрамалар, әдетте, төрт қазақ облысының әкімшілік шекарасында орналасқан әрбір округтің қолбасшысына бағынады. Қазақстан Республикасының Құрлық әскері 10 мотоатқыштар және механикаландырылған бригадаларға, жеті артиллериялық, үш ракеталық, екі танкке қарсы бригадаға және үш инженерлік батальонға біріктірілген.
Қазақстан армиясының таңдаулы бөлімі – аэроұтқыр әскер. Олар тікелей Жоғарғы Бас Қолбасшыға бағынады және әскери-саяси жағдай күрт өзгерсе, дағдарыстық уақытта жедел ден қою үшін пайдаланылады. Аэроұтқырлар төрт әуе шабуылы және бір бітімгершілік бригадасын, жалпы саны алты мыңға жуық әскери қызметкерді құрайды. Құрлық әскерлері ресейлік және кеңестік өндіріс, АҚШ пен Украина қаруларымен қамтылған. Бұдан бөлек отандық өнімдерді де пайдаланады. Иномарка көліктер құрастыруда айтарлықтай жетістігі болмағанымен, Қазақ елінің әскери-техникалық жағдайы жоғары деңгейде.
Әуе қорғанысы күштері радиотехникалық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен тұрады. Екі жойғыш полкінде 100-дің айналасындағы ұшақ бар. Сонымен бірге көліктік авиацияның жедел қолбасшылығы, барлау полкі (Су-24МР), ­шабуылдаушы ұшақтардың үш полкі бар. Тікұшақтан да кенде емес.
Қазақстанның басқа ведомстволарының да өз әскери құрамалары бар. Президент пен үкімет күзетіне бағытталған Ұлттық ұлан, Қазақстан ­Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің құрамындағы 20 мың қызметкер және шекара құрамында 9 мыңнан астам жауынгер қызмет етеді.
Нұр-Сұлтан тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды құрамдастарының бірі ретінде бітімгершілік қызметін белсенді дамытуда. Бітімгершілік және басқа да халықаралық әскери іс-қимылдарда Қазақстанның әскери қызметшілері жауынгерлік тәжірибе жинақтап жүр. 1992-2001 жылдары қазақ батальоны Таулы Бадахшандағы тәжік-ауған шекарасын күзетіп, шайқаста 50-ден астам солдаты мен офицерінен айырылды. Қазақстан армиясының инженерлік саперлер отряды Ирактағы ұлтаралық коалиция күштерінің құрамында бес жыл (2003-2008) қызмет етіп, бір адам қаза тауып, алты сарбаз жараланды.
Әрине, қазақ ең алдымен бейбіт күннің қадірін, тәуелсіздіктің құнын тереңінен ұғына білетін жұрт. Бата-тілегін: «Мал-бастарың аман болсын, бейбітшілік заман болсын», – деп өзгені бауырына басатын ұлттың Отан қорғауға келгендегі көңілі, жігері алабөтен. Ал бес қаруы сай болған әрбір азамат атқа қонғанда қандай күш алатынын тарихтан асып суреттеп беру қиын. Осы тұста айта кету керек, Қазақстан Қарулы Күштерінің саны құпия ақпарат болып табылады. Ал мақалада көрсетілген сандар шамамен алынған және ашық дереккөздерге және сараптамалық бағалауларға негізделген.
Дайындаған,
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

04 мамыр 2022 ж. 961 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031