Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 503 мыңнан астам адам АӘК алды

Жыл басынан бері 503 мыңнан астам адам АӘК алды

Осы жылғы қаңтар-наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адам атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
«2022 жылғы 1 тоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
22 сәуір 2022 ж. 282 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930