Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңдай басу дұрыс па?

Таңдай басу дұрыс па?

Қазақтар ықылымнан халық емшілігіне ерекше көңіл бөледі. Бірақ оның кейбіріне көптің көңілі толмай, анығына жетуді ойлайды. Соның бірі – таңдай басудың шындығы.
Сан ғасыр бойы халық медицинасы өмір сүріп келді. Ол адам ағзасындағы биологиялық нүктелерді басу, шөптен дәрі-дәрмек жасау, сүлік салу, қан алу арқылы ем-шипа жасаумен ерекшеленсе, батыс медицинасы химиялық дәрі-дәрмектермен адамзатқа игі ықпалын тигізуде. Екі медицина бір-бірін толықтырады. Кейде керісінше, бір-бірін мойындамайтын да кезі болады.
«Баспа» деп аталатын ауру түрі медицинада «ангина» деп аталады. Ол тыныс жолының ауруы. Адам жөтелгенде, сөйлегенде түкірік арқылы жұғады. Бір қызығы, аталған ауру әлі күнге дейін емшілер мен дәрігерлер арасында дау тудырып келеді.
Баспа – жұтқыншақ, таңдай, тіл маңы бадамшасының қабынуы. Оның катарльды, фоликулярлы, лакунарлы, герпетикалық сынды бірнеше түрі болады. Ондай дертке тамақ ісініп, дене қалтырайды, бас ауырып, буын құрысады, ағза әлсірейді. Тіпті 40 градусқа дейін дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ұйқы бұзылып, асқа тәбет азаяды. Тыныс тарылып, мазасыздық орын алады.
Көшпенді халқымыз тылсымның сырына тереңнен үңіле білген. Қарапайым амалдармен ем жасаған. Оған мысал ретінде бумен тыныстау, бөдене жұмыртқасын жеу, уқалауды алуға болады.
«Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде» демекші, бір жерің мазаласа қиналып қалатынымыз жасырын емес. Әсіресе сәбилер үшін баспа қауіпті. Ыстығы көтірілген бала әлсін-әлсін жылап, беймаза күйге түседі. Мұндайда аналар екі нәрсеге жүгінеді. Біріншісі, жедел жәрдем шақыртып, батыс медицинасына сенім білдірсе, екіншісі, қазақы дәстүрге иек артады.
Көрші Сәуле апай баласы суықтаса, тамақ басатын адамға қарай жетектей жөнеледі. 2-3 күнде ауру сап тыйылады дейді ол.
– Көп балалы анамын. Тамақ басу – қазақта әу баста бар үрдіс. Кішкентайлар алда-жалда тұмауратып, тамағы көтеріліп жатса, жасырмаймын Жұпар апама апарамын. Сұқ саусағын қазаннан күйелеп алады да, тамақтың сыртынан басып-басып жібереді. Соған үйренгенбіз. Тынысы бітіп, дем ала алмай тұрған бала бірер сағатта терлеп-тепшіп ұйықтап қалады. Ұйқыдан оянғасын түк болмағандай, бауырларымен ойынға кіріседі. Бар баламды осылай өсіріп келемін. Ащы дәрі беріп, асқазанын ауыртқаннан гөрі осы әдісті қолданғанды тәуір көремін, – дейді Сәуле.
Бұл әдіс елдің бәріне ұнамасы анық. Бұл жайында дәстүрлі медицина не дейді екен?
– Баспамен ойнауға болмайды. Онымен үлкен де, кіші де ауырады. Қазақылыққа салынып тамақ басатындар бар. Қарапайым үй жағдайында жеке бас гигиенасы сақталмайды. Сондықтан да ол қауіпті. Қабынған тамақ бадамшасы безденіп, іріңдеп кетеді. Ал залалсыздандырылмаған қолдан тамаққа инфекция өтіп кетуі әбден ғажап емес. Мұндай ойланбай жасаған әрекеттің арты немен тынарын кім білсін. Айтарым – денсаулықпен ойнауға болмайды. Асқынғанда инфекция кеуде қуысына тарауы, минингитке, ревматизмге, гломерулонефритке ұласуы мүмкін. Баспамен ауырғанда тамақты ас содасымен шайып отыру керек. Ауырсынғанды басу үшін жалбыз майын қолданған жөн. Баспаның ауыр түрінде отаға түсуге тура келеді. Тамақ ауырған жағдайда өз бетінше ем-дом қолданбай, уақытында дәрігерге қаралған абзал, – дейді білікті дәрігер Ақмарал Қазтаева.
«Әкесі бар балаға бас ұстатпайды» деп жатамыз. Бұл «Әке тұрып – ұл сөйлегеннен без» дегенді білдірсе керек. Сондай-ақ дастарханға үлкен ас келгенде алдымен бас тартылады. Бастың әр мүшесін асатудың да өзіндік мағынасы бар. Соның ішінде баланың алақанын аштыртып, «жезтаңдай әнші, қара қылды қақ жарған көсем, би-шешен» болсын деп қойдың таңдайын асатқан. Осы ретте зерттеулерге сүйеніп, тамақ басуды да ұлттың қасиетті дәстүрі қатарына жатқызсақ артық болмасы анық.
Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
10 наурыз 2022 ж. 2 426 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031