Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

Батыс аймақтарда қар жауады, боран болады. Қазгидромет мамандары 10-12 наурызға ауа райын болжады.
Синоптиктер ақпаратына сәйкес, бұл күндері елдің солтүстігінде жауын-шашын жаумайды, алайда ауа температурасы өте төмен болады.
Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28C аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жауады, республиканың батыс аймақтарында қар жауады, боран болады.
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ 15-20 м/с дейін жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 10-12 ақпанда күн бұлтты болады. Түнде ауа температуарсы -13...-16C дейін төмендейді, күндіз -8...-10C болады.
Алматыда 10-12 наурызда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+7C көрсетсе, күндіз +10...+11C болады.
Шымкентте 10-11 наурызда жаңбыр жауады, түнде +4...+8C, күндіз +16...+18C көрсетеді. 12 наурызда жаңбыр қатты жауады, түнде +9C, күндіз +18C болады.
09 наурыз 2022 ж. 456 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031