«AMANAT» жүгін бірге арқалаймыз
Көгілдір көктемнің алғашқы күнінде елімізде «Nur Otan» партиясының сьезі өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев 23 жыл бұрын негізі қаланған «Nur Otan» партиясының атауы «AMANAT» атауын өзгергенін хабарлап, партияны жаңғыртудың 7 басымдығығын атап өтті.
Еліміздің басты партиясының бағыты айқын, жұмысы нақ. Бұл елдің емітінің ақталғанының, еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалардың өз дәрежесінде жүзеге асырылып жатқандығының нәтижесі.
«Жаңа Қазақстанды» құруға ат салысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
Съезде партиямыздың бағыт-бағдары айқындалып, съезге қатысушылар бір ауыздан жаңғыртудың 7 бағытының жаңа Қазақстанға бастайтын жарқын бағыт екенін мақұлдады. Енді осы айтылған тапсырмаларды біз білім беру саласында еңбек ететін ұстаздар қауымы ауызбіршілікпен, ынтымақпен, заманауи қаруланған материалдық – техникалық базамен нық сенімде жүзеге асыратын боламыз. Ел бірлігі нығайып, партияның халық сенімінен шығатынына сенімдімін. Өйткені барлық тапсырма нақты шешу жолымен атап көрсетілген.
Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. Сондықтан да осы міндеттерді орындауға әрбір азаматтың міндеті.
Еліміздің экономикасы тұрақты өсуіне байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті, құзіреттілігі қалыптасқан білікті маман дайындау.
Осы жолда біз «AMANAT» партиясымен бірге жаңа Қазақстанға бірге барамыз.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Еліміздің көк байрағы мәңгі желбіреп, аманатқа артқан сеніміміз аманатымызды ақтасын!
Арман МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры