Облыс әкімі: Вегетация кезеңінде суды тиімді пайдалануға жете мән беру керек

Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 100 м3/с жіберілсе, өткен жылы осы кезеңде Шардара су қоймасынан 200 м3/с тасталып, 100 м3/с Көксарай су реттегішіне жіберілді. Егерде Шардара су қоймасында 4,56 млрд. текше метр жинақталса, өткен жылмен салыстырғанда 405 млн.текше метрге артық. Дегенмен, Көксарай су реттегішіне су жинақталған жоқ.

Сондай-ақ, Үкіметтік резерві есебінен облыс бойынша 17 каналға механикалық тазарту жұмыстары жоспарлануда.
Аймақ басшысы егістікке су беру кезінде шаруаларға суды үнемдеу жолдарын жеткілікті деңгейде түсіндіріп, ортақ мәселеде тиімді шешім қабылдау қажет екенін алға тартты.
Вегетация кезінде келетін су көлемін нақтылаған уақытта кезекпен су беру жұмыстарын мобильді түрде ұйымдастыру қажет. Насос қондырғыларын орналастыратын жерлерді белгілеңіздер. Елді-мекендердегі шаруа қожалықтарды аралап, су тапшылығы жағдайында суды үнемдеу туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын іске асырыңыздар, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.