Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Араб елдері Украинадағы жағдайға бейтараптық танытты

Араб елдері Украинадағы жағдайға бейтараптық танытты

Араб елдері Ресей-Украина төңірегіндегі жағдайға бейтараптық жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Египеттің мемлекеттік ақпараттық қызметінің сайтына сілтеме жасап.
Араб мемлекеттері Лигасының кеңесі Кувейт маңындағы АМЛ Бас хатшылығының штаб-пәтерінде Украинадағы соңғы оқиғаларды талқылау үшін Тұрақты Өкілдер деңгейінде шұғыл отырыс өткізді. Отырыс Египеттің бастамасымен өтті, оны Кувейт, Иордания және бірқатар араб елдері қолдады.
Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы көмекшісі Хусам Заки отырыста Украинадағы қазіргі жағдайға Араб көзқарасын көрсететін бірлескен мәлімдеме қабылданғанын айтты.
"Араб елдері Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста. Ал достарға олардың екеуі бір-бірімен соғысып жатқанын көру қиын, сондықтан Араб мемлекеттері Лигасы бейтараптық позициясын ұсынады", - деді Хусам Заки.
Араб мемлекеттері Лигасының штаб-пәтерінде өткен кездесуде тұрақты өкілдер Украинадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге ықпал ету үшін министрлер деңгейінде арнайы байланыс тобын құруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Лига барлық мүдделі тараптарды Украинадағы қазіргі жағдайды әлемнің ең маңызды аймақтарының бірінде тұратын халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей диалог пен дипломатия арқылы шешуге шақырды.
Араб мемлекеттері Лигасына Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Кувейт сияқты 18 араб елі кіреді.
01 наурыз 2022 ж. 1 066 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031