Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар мидың қанша жасқа дейін қартаймайтынын анықтады

Ғалымдар мидың қанша жасқа дейін қартаймайтынын анықтады

Германиядағы Гейдельберг университеті Психология институтының мамандары адам минының қанша жасқа дейін қартаймайтынын анықтады. Олар бұл үшін 1,2 миллион адамның арасында тәжірибе өткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nature Human басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар когнитивті қабілеттердің 20 жастан бастап баяулайтын реакция жылдамдығымен байланысты емес екенін анықтаған. Бұл үшін 1,2 миллион адамды онлайн тестілуден өткізген. Тәжірибе барысында адамдар экранда пайда болған сөздер мен суреттерді қажетті пернені басу арқылы топтастырған. 
Тәжірибеден кейін мамандар адамдардың баяу жауап беруі жасы ұлғайған сайын қателік жіберуден сақтанып, ұзақ ойлануымен байланысты деген қорытындыға келген. Сонымен қатар уақыт өткен сайын пернені басу жылдамдығы секілді қозғалтқыштық процестер де баяулайды. Осылайша адамның ақыл-ес қабілеттері 60 жасқа дейін төмендемейтіні анықталды. 
Ғылыми жұмыс авторлары аталмыш нәтижелер ми қабілетіндегі жас айырмашылығына қарай өзгерістерді зерттеуде жаңа ақпарат беретінін айтады. Мұның алдындағы зерттеулерде реакцияның баяулауы ақыл-ес қабілетінің әлсіреуімен байланыстырылып келген. 
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар музыкамен шұғылданудың ми қартаюын тежейтінін айтқан еді. Олар мұндай хоббилердің адам миында нейропатологияның пайда болу қауіпін төмендететін когнитивті қор түзетінін мәлімдеген.

21 ақпан 2022 ж. 405 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 153

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 207

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 178

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 156

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930